«Қазақтың кемеңгер қошбасшысы»

08.12.2021

Көрулер: 1647

 

«Айналаңды нұрландыр!» жобасы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебі «Бизнес технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Маликова Р.М. және «Логистика» мамандығының 4 курс студенттері, (ЛГ18к2тобы) 03.12.2021ж Қазақстан Республикасының бірінші Президент мерекесіне орай «Қазақтың кемеңгер қошбасшысы» әлеуметтік-тәрбиелік онлайн іс-шара өткізді.

Әлеуметтік-тәрбие онлайн іс-шараның өткізілуі«1-желтоқсан - Тұңғыш Президент күні» мерекесінің мәнін ашу, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу; оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру.

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Мемлекеттік тілді құрметтеуге, өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат қалыптастыруға бағытталған мерекені «Бизнес технологиялар» кафедрасының аға оқытушы Маликова Р.М. ұйымдастырды.

Біз бүгін ұлтымыздың кемеңгер данышпанына айналған білімді, ақылды, өзінің ұстанған саясаты бар Нұрсұлтан Назарбаев туралы бар білгенімізді ортаға салдық. Президент біз үшін ұлы тұлға. Біз Елбасымен мақтана аламыз. Мақтай да аламыз.

 Еліміздің тәуелсіздігі мәңгі болып, қазақ елі ертегідей күн кешіп, татулық пен тұрақтылықты ту етіп келеді. Сондықтан, егемендігіміз баянды болып, халқымыз аман, ел жұртымыз тыныш болғай!  

 

 

 

«Бизнес технологиялар» кафедрасының 

аға оқытушы Маликова Р.М.