"Қазіргі заман жағдайындағы жарнама" тақырыбында арнайы қонағымызбен өткізілген онлайн-кездесу

15.12.2020

Көрулер: 1892

Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, "Бизнес технологиялар" кафедрасының меңгерушісі З. Б.Ахметова, аға оқытушылар Н. М. Тұрлыбекова және Т. А. Асанова "Қазіргі заман жағдайындағы жарнама" тақырыбында арнайы қонақтың қатысуымен онлайн-кездесу ұйымдастырды. Онлайн-дәрістің спикері "Adverso Group" жарнама агенттігінің негізін қалаушы Лелетка Иван Владимирович болды. Онлайн-кездесу 2020 жылдың 15 желтоқсанында өтті, оған ЭжБЖМ студенттері мен "Бизнес-технологиялар"кафедрасының оқытушылары белсенді қатысты.

Онлайн-кездесу "Маркетинг агенттігі" үйірмесі аясында ұйымдастырылды.

Сөз сөйлеу барысында Лелетка Иван Владимирович тыңдаушыларды жарнама саласындағы өзекті мәселелермен таныстырды. Сондай-ақ, спикер COVID-19 пандемиясы жағдайындағы жарнама нарығының проблемаларына тоқталды.

Онлайн-кездесу интерактивті диалогта өтті, студенттер мен оқытушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Онлайн-кездесуге "Бизнес технологиялар" кафедрасының студенттерімен қатар ЭжБЖМ -нің басқа да мамандықтарының студенттері қатысып, белсенділік танытты.