«Музеолог» клубы

«Музеолог» клубының ішкі тәртібінің

ережесі.

 

1. «Музеолог» клубы жұмысына, ұлттық ойлау қабілеті жаңғырған, тарих пәнін жан-тәнімен сүйіп, соның ішінде музей ісіне деген қызығушылық білдіретін студент қатысады және мүше бола алады.

 

2. Клубта талқыланатын тақырыптар бойынша клуб мүшелері өз ойларын, идеяларын ұсына алады.

 

3. Клуб отырысы айына, кем дегенде, бір рет өткізіліп тұрады.

 

4. Клуб алғашқы бас қосуында өз араларынан 1 төраға, 1 төраға орынбасарын және 1 хатшы сайлайды.

 

5. Клубқа 10 немесе 10-нан да аса студенттер мүше бола алады.

 

6. Клуб жұмысын өз деңгейінде жұмыс істемегендер мүшеліктен шығарылады. Мүшеліктен шығарылған студент қайтадан клубқа мүше бола алмайды. Университет тарапынан жауапқа тартылған студенттер клуб қызметінен босатылады. Университтетен (оқудан) шығарылған студенттер, клуб мүшелігінен шығарылады. Бір семестрдің ішінде ешқандай жұмыс атқармаған клуб мүшесі, мүшеліктен шығарылады. Отырысқа 3 рет қатыспаған клуб мүшесі, мүшеліктен шығарылады.

 

7. Клубтың ережелері мен жұмыс істеу тәсілдері, клуб мүшелерінің тілек-ұсыныстары негізінде, жүйелі түрде жетілдіріп-жаңаланып отырады.

 

8. Клуб мүшелерінің кәсіби білімдер мен тәжірибелілігін көтеруіне жағдай жасау.

 

9. Клуб жетекшісі «Музеолог» клубының мүшелерімен атқарылатын жұмыс шараларын өзінің дербес жұмыс жоспарына және кафедра жұмысының жоспарына кіргізеді. Клуб жетекшісі өзінің жұмысы жайлы кафедра мәжілісінде жыл сайын есеп береді.

 

10.Клубтың жұмыс жоспары мен есептерінде жетекшінің қолы болуы (қол қоюы) тиіс.