"Этнолог" клубы

«Этнолог» клубының ішкі тәртіп

ережесі.

 

1. «Этнолог» клубы жұмысына, ұлттың ұлттық құндылықтарын бағалай білетін, халықтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына, наным-сенімдеріне құрметпен қарайтын студент қатысады және мүше бола алады.

 

2. Клубта талқыланатын тақырыптар бойынша клуб мүшелері, басқа қызығушылық білідретін студенттер клуб отырысында өз проблемаларын ұсына алады.

 

3. Клуб отырысы айына, кем дегенде, бір рет өткізіліп тұрады.

 

4. Клуб алғашқы бас қосуында өз араларынан 1 төраға, 1 төраға орынбасарын және 1 хатшы сайлайды. Жаңа келген студенттер клубқа мүшелікке қабылдау үшін өтініш жазады.

 

5. Клубқа 10 немесе 10-нан да аса студенттер мүше бола алады.

 

6. Клуб жұмысын өз деңгейінде жұмыс істемегендер мүшеліктен шығарылады. Мүшеліктен шығарылған студент қайтадан клубқа мүше бола алмайды. Университет тарапынан жауапқа тартылған студенттер клуб қызметінен босатылады. Университтетен (оқудан) шығарылған студенттер, клуб мүшелігінен шығарылады. Бір семестрдің ішінде ешқандай жұмыс атқармаған клуб мүшесі, мүшеліктен шығарылады. Отырысқа 3 рет қатыспаған клуб мүшесі, мүшеліктен шығарылады.

 

7. Клубтың ережелері мен жұмыс істеу тәсілдері, клуб мүшелерінің тілек-ұсыныстары негізінде, жүйелі түрде жетілдіріп – жаңаланып отырады.

 

8. Клуб мүшелерінің кәсіби білімдер мен тәжірибелілігін көтеруіне жағдай жасау.

 

9. Клуб жетекшісі «Этнолог» клубының мүшелерімен атқарылатын жұмыс шараларын өзінің дербес жұмыс жоспарына және кафедра жұмысының жоспарына кіргізеді. Клуб жетекшісі өзінің жұмысы жайлы кафедра мәжілісінде жыл сайын есеп береді.

 

10. Клубтың жұмыс жоспары мен есептерінде жетекшінің қолы болуы (қол қоюы) тиіс.