Тәрбие басы - иман

№ 10 жатақханада «Тәрбие басы - иман» атты тақырыпта тарих, археология және этнология факультеті студенттерімен әңгіме-сұхбат өткізілді. Шараның мақсаты - «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастарды ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу, діни сауаттылығын арттыру,  студенттердің дәстүрлі  дінді әр түрлі  секталардан ажырата білуге үйрету. Сұхбат барысында жастардың дәстүрлі құндылықтар мен дінге деген көзқарасы, пікірі мен ойлары ортаға салынды. Әңгіме-сұхбатты ұйымдастырып, жүргізген доцент Қартабаева Е.Т.