Шетел оқытушылар мен түлектердің пікірі

Түрксой бөлімінде 29 қазан Түркия Республика күнін мерекелеу

Жыл сайын, 29 қазан күні Түркияда Республиканың құрылғанына байланысты өткізілетін мерекелік іс-шара бұл жылы да ерекше болды. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасының студенттерінің қатысуымен Түркия Республикасының 96 жылдық мерейтойы мәдени танымдық сипатында атап өтілді.

Студенттер мерекелік шарада Түрік халқының ұлттық мерекелері мен дәстүрлерін, түрік елінің қонақжайлылығымен таныстырды. Бұл шараның ұйымдастыруын «Шетел филологиясы» 2 курс студенттері үстенді. Студенттер сабақта достарының көңілдерін көтеріп қана қоймай түрік қонақжайлығын көрсете отырып тамақ, сусындарымен кеш қонақтарын қарсы алды.

Шарада 29 Қазан және Түрік Республикасының Ғази Мұстафа Кемал Ататүріктің жетекшілігімен басталған «Республика қалай құрылды?» атты қысқа метражды фильм көрсетіліп соңынан кафедра оқытушылары мен студенттерінің арасында кішігірім сұхбат өткізілді. Сұхбат соңында екі елдің бауырластығының маңыздылығы мен болашақта олардың ынтымақтастығының одан әрі нығаю туралы тілектер айтылды.

Түркия Республика күнін Алматыда өткізгенімізге қуаныштымыз.

Жерен Кабадайы

Селенай Балоглу

Түрксой кафедрасы

Оқу ісі және тәрбие

жөніндегі орынбасары Монтанай Эльмира


 

Мен, Андирова Алина, ҚазҰУ 2019 жылғы түлегімін және де қазір бірінші курс магистрантымын. ҚазҰУ маған білім алуды, алған білімді сіңіруді, басқаға үйрете білуді, өзімді-өзім тануға , шыңдауға үйретті. Мен ҚазҰУ-ыммен мақтанамын! Қара шаңырақтың қол астында жиылған жиырма мыңға жуық ізденушінің арманын орындау үшін жағдайдың барлығы да жасалған. Керек десең үлкен заманауи кітапханасы, мұражайы, интернет орталығы, студенттерге қызмет көрсету орталығы және т.б. студенттер орталықтары бар. ҚазҰУ қалашығының өзін сипаттауға сөз жетпейді. ҚазҰУ – Қазақстанның болашағын дайындаушы негізгі орталық. Өйткені, университет түлектерінің көпшілігі Қазақстан қоғымының элитасын құрастырады және еліміздің даму бағытының қалыптасуына атсалысады. Бұл оқу орнының маңызды нәтижесі . Осындай киелі білім ордасының түлегі ретінде университетімді мақтан етемін және болашаққа нық сеніммен қараймын. Бакалавриат кезімде ҚазҰУ мен Хаджеттепе және Анадолы университеттерімен (Түркия) арасындағы коллаборацияға жəне түркітану бойынша біріккен оқу бағдарламасының болуына байланысты Түркияда Erasmus+ бағдарламасы аясында білім алу мүмкіндігіне ие болдым. Кәсіби дағдыларды дамытуға аса зор көңіл бөлетін университетте білім алу мүмкіндігіне ие болғаныма өте қуаныштымын. КазҰУ Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының құрметті аға оқытушыларына берген білімдері үшін алғысым шексіз.