Ыбышева Дина Шығыстану,2015-2020жж.
Мен, Ыбышева Дина, Жапонияның Бункё Гакуин университетінде 29.08.2013 - 30.08.2010 аралығында академиялық ұтқырлық бойынша тағылымдамадан өттім. Сапар жоғары деңгейде өтті.Әуежайдағы кездесуден бастап, университеттің жатақханасы , сабақтары мен шетелдік студенттерге арналған бағдарлама өте қызықты болды. Сабақтар мен үшін жаңалық болды. Мен өз ойларымды жапон тілінде айтуды үйрендім және жапондық студенттер,мұғалімдермен қызықты әңгімелесе алатын болдым. Сонымен қатар, Жапониядағы өмір өте әсерлі болды.Күн сайын бұрын естімеген де көрмеген заттарды өз көзіммен көріп, қолданып, риза болдым. Жапондық достарыммен бірге уақыт өткізгеніме өте қуаныштымын. Жақын дос болып кеткен жапондықтар мені Фуджияма тауына серуенге алып шықты, енді мен олардың Қазақстанға келуін күтудемін. Бұл сапар өмірімнің ұмытылмас сәттерінің бірі болды және сөзсіз баға жетпес тәжірибе болды.