ҚР Ұлттық кітапханасы және зағип жандар кітапханасының ұйымдастыруларымен Кітапханашылар слеті

ҚР Ұлттық кітапханасы және зағип жандар кітапханасының ұйымдастыруларымен Кітапханашылар арасында 1 Республикалық деңгейдегі слеті өткізілді. Бұл іс-шараға 16 облыстың кітапханашылары қатысты, оның ішінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапхана ісі мамандығының 2-курс студенттері Даутанова Рысгүл «Мамандығым- мақтанышым» және Ергеш Ернар «Жаңа кітапханалардың мултижобасы »атты өзіндік жобаларымен қатысып, арнайы алғыс хаттарға ие болды. Бұл іс- шара барлық кітапхана ісі мамандығының студенттерінің басын қосты , сонымен қатар кітапхана ісін жақсы деңгейде дамыту үшін, арнайы жобалар қарастырылып, ең үздіктері таңдалынып алынған болатын.

Мақсаты: Студенттердің мамандыққа сүйіспеншілігін арттырып, кітапхана деңгейін дамыту және жетілдіру.