Ашық тәрбие сағаты: «Салауатты өмір салты - денсаулық кепілі»

08.04.2021

Көрулер: 2343

 

«Дүниежүзілік денсаулық күніне» орай Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасында ашық тәрбие сағаты өтті. 2021 жылдың 7 сәуір күні сағат 16:00 де ZOOM платформасында  «Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару» «7M05209» мамандығының 1 курс магистранты Әбен Аяжан  және «Экология» мамандығының 3 курс студенттері арасында «Салауатты өмір салты - денсаулық кепілі» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатының мақсаты: Студенттерді салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға,  дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, жаман әдеттерден сақтануға шақыру, ішімдік, темекі, есірткі сияқты қоғамның кері келтіретін құбылыстары жөнінде мәлімет бере отырып, салауатты өмір сүру салтын насихаттау. 

Тәрбие сағатын "Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару" мамандығының 1 курс магистранты Әбен Аяжан ұйымдастырды.

Тәрбие сағаты т.ғ.к., аға оқытушы Курбанова Л.С. және PhD, аға оқытушы Рысмағамбетова А.А. жетекшілігімен ұйымдастырылды.

Видеожазбаның сілтемесі:

https://drive.google.com/file/d/1nhJGH2rZC_6hrkG7HqteYpxf8PDXGslm/view?usp=sharing

https://drive.google.com/file/d/1gvGaprbUxq4EOaRCxXCXvW22hiXkGfrL/view?usp=sharing