"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКСІ: МІНДЕТТЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ" АТТЫ СЕМИНАР

19.02.2021

Көрулер: 1710

2021 жылдың 18 ақпанында География және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасында «Жасыл көпір ұрпақтан ұрпаққа» Ұлттық жоба аясында «Қазақстан Республикасының жаңа экологиялық кодексі: міндеттері мен болашағы» атты семинар өтті. Семинарды Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, г.ғ.к., доцент Базарбаева Т.А. құттықтау сөзімен ашты және б.ғ.к., профессор м.а. Тажибаева Т.Л. іс-шараның модераторы болды.

Семинарға кафедраның келесі магистранттары қатысты:

-       Ердвалиева А. «Обзор нового Экологического кодекса РК»;

-       Қазыбекқызы П., Жақсылықова А. «ҚР Экологиялық кодексін талдау»;

-       Дикова Л. «Экологический кодекс: Перспективы развития в области обращения с радиоактивными отходами».

Г.ғ.д., профессордың м.а. Павличенко Л.М. семинарды қорытындылап, экологиялық кодекстегі негізгі өзгерістерге назар аударды.

Жалпы, семинар ҚР жаңа экологиялық кодексінің міндеттері мен перспективаларын талқылау бойынша диалог алаңы болды, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы жас ғалымдар мен мамандар үшін ақпараттық пайдалы болды.

Бейне жазбаны келесі сілтеме бойынша қарай аласыздар:

https://drive.google.com/file/d/1ht0bLOygSY0F0Mbis5S6tkYR0B0iK7o7/view?usp=sharing