«Зиянды әдеттер және олардың алдын алу» атты ашық сабақ

22.01.2021

Көрулер: 2628

22 қаңтарда 2021 ж. География және табиғатты пайдалану факультеті Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасында «Салауатты дене мәдениеті» жобасы аясында онлайн форматында «Экология» мамандығының 3 курс студенттерімен «Зиянды әдеттер және олардың алдын алу» тақырыбында ашық кураторлық сабақ өтті.

Іс-шараның мақсаты зиянды әдеттер және олардың денсаулыққа, жеке тұлғаның дамуына және адамның мінез-құлқына әсері туралы нақты түсінік қалыптастыру болды. Кафедра доцентінің м.а. О.А.Зубованың кураторлық тобы «Экология» мамандығының 3-курс студенттері зиянды әдеттердің адам ағзасының күйіне әсері және темекі шегу, нашақорлық, маскүнемдік, құмар ойындар сияқты зиянды құмарлықтардың алдын алу тәсілдері туралы презентация, фото және бейне-материалдар дайындады.

Кураторлық сағатта қатысқандардың ерекше қызығушылығын Интернет ресурстардың, соның ішінде зиянды әдеттермен күресуге бағытталған қазақстандық ресурстардың іріктелуі тудырды. Сондай-ақ, жастар ортасында зиянды тәуелділіктердің алдын алудың тиімді әдістері ұсынылды.

Кураторлық сабақтың жазылған сілтемесі: https://drive.google.com/file/d/15rqAHl3eOK3JQMV5SwvBB3bR2Biw8EcS/view?usp=sharing

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Зубова О.А., Рысмагамбетова А.А.