«Тәуелсіздік тұғырым» атты ашық сабақ

20.01.2021

Көрулер: 1510

География және табиғатты пайдалану факультетінің «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасының «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының 3 курс студентерімен «Тәуелсіздік-тұғырым» атты ашық кураторлық сағаты ZOOM платформасында өткізілді.

Кураторлық сағаттың мақсаты- ғасырлар бойы бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке жетуді баяндай отырып, студентердің туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өз елін, жерін қорғайтын патриоттық рухта ұрпақ тәрбиелеу.  

         Кураторлық сағаттың барысында студенттер елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларына тоқталып, Желтоқсан көтерілісін сипатай отырып, Желтоқсан құрбандарын еске алды. Тәуелсіздік бастауы - ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін деректі фильмдер мен суреттер арқылы дәлелдеп, жете түсінді. Топ студенті Құлжан Бағлан Желтоқсан қаһармандарына арналған өлеңді добырамен айтса, Қарқынқызы Бота, Болат Айгерим, Арай Мамырова т.б. студенттер өлең шумақтарын оқыды. Тәрбие сағаты соңында Тәуелсіздікке арналған мақал-мәтелдер білімін тексеру - ойын түрінде өткізілді.