«Ғасырдың дара перзенті» атты ашық сабақ

20.01.2021

Көрулер: 1793

19 қаңтарда 2021 ж. география және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму кафедрасында «Айналанды нұрландыр» жобасы аясында онлайн форматында  «Ғасырдың дара перзенті» тақырыбында Д.А. Қонаевты еске алу мақсатында ашық ашық кураторлық сабағы өтті.

Кафедраның аға оқытушысы А.А. Рысмағамбетованың кураторлық тобы, «Экология» мамандығының 2-курс студенттері презентация, фото және бейне-материалдар дайындады, көрнекті мемлекет және саяси қайраткердің өмірбаянымен таныстырды. Д.А. Қонаевтың мемориалды пәтері мен мұражай туралы бейнематериал, тау-кен инженерінен бастап билік шыңына дейінгі жолды көрсететін экспозициялар ерекше қызығушылық тудырды.

Кураторлық сабақтың жазылған сілтемесі:

https://drive.google.com/file/d/1YfKARNGnzhaCTn86peSFf-zg7cjBmk1S/view?usp=sharing

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Рысмагамбетова А.А., Зубова О.А.