«Тәуелсіздік тұғырым» атты ашық сабақ

17.01.2021

Көрулер: 1396

2021 жылы 14 қаңтарда Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласының аясында «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасының, 7M05209- Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару мамандығының 1 курс магистранттарымен «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбында онлайн форматта, Microcoft Teams платформасында ашық тәрбие сағаты өтті.

2021 жылы тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл шараның негізгі мақсаты Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын талқылап,жастардың болашаққа тың серпінмен қадам басуы үшін өткенге көз жүгіртіп, жетістіктіктеріміз бен кемшіліктерімізді ой елегінен өткізу арқылы, Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту және нығайту. Тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегендігін, Тәуелсіздік үшін күрескен, бойларында намыс оты лапылдаған қазақ жастарының ерлігін дәріптеу. Еліміз өз батырларын, өткен тарихымызды ұмытпау керек.

Шара соңында «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасының меңгеруші орынбасары Мұқанова Г.А. және доцент қ.а. Оразбаев А.Е. сөз сөйлеп өз тілектерін білдіріп, қорытындылады.

Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!

Шараны ұйымдастырушылар: «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасының меңгеруші орынбасары Мұқанова Г.А., доцент қ.а. Түсүпова Б.Х., аға оқытушы Құрбанова Л.С.