«Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы» атты ашық сабақ

06.01.2021

Көрулер: 1521

2020 жылдың 30 желтоқсан күні сағат 17.00-ден 17.40-қа дейін Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының Тіршілік қауіпсіздігі және Қоршаған ортаны қорғау мамандығының 3 курс студенттері «Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы» тақырыбында Zoom платформасы арқылы онлайн форматта ашық тәрбие сағатын ұйымдастырды. Ашық сабақтың мақсаты студенттерге өз Отанын сүюге, Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етуге,еліне, халқына адал қызмет етуге жол аштыру болатын. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына студенттер қысқаша шолу жасады. Студенттер ашық сабақта әртүрлі видеолар қарап, тақпақтар айтып, домбырамен күй тартты.  Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен танысып, өз ойларымен бөлісіп,  біздің тарихымызға деген құрмет ерекше болу керек екендігін айтып өтті. Одан соң кафедра меңгерушісі Базарбаева Т.А., оқытушылар Абдибаттаева М.М., Бергенова Н.С., Байсейтов Д.А. сөз алып, ашық сабақты қорытындылады.