Қабылдау ережелері

                                                                                                           

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЕМВА және МВА бағдарламаларына түсшілердің құжаттарын қабылдау тәртібі

MBA бағдарламасында оқу мерзімі - 2 жыл, EMBA - 1 жыл

Оқу түрі: кешкі, модульдік-қашықтық, демалыс күндері.

 

 МВА бағдарламасының мақсаты - кәсіби менеджерлерді дайындау, бизнестегі жаңа білім алу, оларды қолданудағы құзыреттерді дамыту, стратегиялық ойлау мен көшбасшылық дағдыларды дамытуға мүмкіндік беретін тұрақты өзгерістер жағдайында басқару қабілеттерін дамыту болып табылады.

МВА бағдарламасы мемлекеттік талаптарға, сондай-ақ халықаралық білім стандарттарына толықтай сай.

МВА бағдарламасына үміткерлерге қойылатын талаптар 

  • EMBA / MBA бағдарламаларына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын игерген Қазақстан Республикасы және шетел азаматтары қабылданады.
  •  МВА бағдарламасына түсу үшін кем дегенде 2 жыл жұмыс тәжірибесі, EMBA бағдарламасы бойынша кем дегенде 7 жыл басқару тәжірибесі болуы керек. 
  • жоғары білім туралы диплом немесе бакалавр (немесе оның баламасы) болуы керек.
  •  Шетелдік білім беру ұйымдарынан білім беру құжаттарын алған тұлғалар білім беру деңгейіне және оқу профиліне сәйкес оқу құжаттарын тану немесе нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс. 


Қажетті құжаттар тізімі:

 1)   белгіленген үлгі бойынша ректордың атына жазылған өтініш (№1 қосымша);

 2)   жоғары білімі туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі және қосымшасы;

 3)   жеке тіркеу парағы (түпнұсқа) және еңбек өтілін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе еңбек өтілі туралы анықтама;

 4)   алты 3x4 көлеміндегі фотосурет;

 5)   флюорография, 086-У формасындағы медициналық анықтама;

 6)   жеке кәлік немесе паспорт көшірмесі (3 дана.);

 7)   резюме/қысқаша өмірбаян;

 8)   мотивациялық хат (Эссе) (№ 2 қосымша);

 9)   ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса).


Осы тармақтағы құжаттардың көшірмелерімен бірге олардың түпнұсқалары қажет. Тексеруден кейін түпнұсқалар иесіне қайтарылады.

Қабылдау емтихандары

  

ЕМВА/МВА-ге түсуге емтиханға жіберілген үміткерлер екі кезеңдік емтихан тапсырады:  

     1) Логикалық/аналитикалық ойлау мен басқару дағдыларын сынау. Сынақ қашықтықтан оқытудың онлайн-платформасында жүзеге асырылады - үміткерлер құжаттарды тапсырғаннан кейін Қабылдау комиссиясында сынақтан өтуге рұқсат беріледі және емтихан күні анықталады;

     2) екінші кезең - жеке сұхбат, бұл емтихан тапсырушының кәсіби әрі басқару тәжірибесін және магистратурада оқуға қабілеттілігін анықтау үшін жүргізіледі.

Емтихандарды қайта тапсыруға жол берілмейді.

Емтихан қорытындысы туралы келіспеген үміткер емтихан материалдарының мазмұны немесе техникалық себептер бойынша апелляция комиссиясының төрағасы алдында емтихан қорытындысы туралы хабарландыру шыққан күннен кейінгі күннің сағат 13.00-ге дейін жазбаша өтініш бере алады.

Нәтиже талаптары - кемінде 80 ұпай жинау кажет, оның ішінде бірінші кезеңде кемінде 40 ұпай және екінші кезеңде - кемінде 40 ұпай.

Диплом 

МВА бағдарламасын аяқтаған тұлғаларға «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» квалификациясы мен дәрежесін тағайындайтын Мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі

 
EMBA / MBA бағдарламаларына өтінімдер жыл бойы қабылданады. Оқуға түсу емтихандары мен қабылдау емтихандары бекітілген академиялық күнтізбеге сәйкес
 EMBA / MBA бағдарламасындағы келесі оқу пәні басталғанға дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады.

 

Құжаттарды қабылдау және бағдарлама бойынша мына телефондарға хабарласып сұрақ қоюға болады: 
 Алматы қ., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ., ЭБЖМ, GUK 3, 221 ауд 

Телефон: 8 (727) 377 33 33 ішкі. 12-48, 8-702-8503186