Ника» студентік ғылыми клубының кезекті мәжілісі. Картабаева Е.Т.- жетекші

     28.02.2019 Клубтың кезекті мәжілісі клуб мүшелерінің «Фараби әлемі» дәстүрлі студенттік конференцияға дайындығы мәселесіне арналды. Атап айтқанда, 4 курс студенті Алдыбекова Маликаның, 1 курс студенттері Асқарова Ботагөз бен Толымбек Қазездің сәуір конференцияға дайындаған баяндамалары талқыланды. Мәжілісті клуб жетекшісі дүние жүзі, тарихнама және деректану кафедрасының доценті, т.ғ.к., Е.Т. Қартабаева жүргізді. Мәжіліске т.ғ.д., профессор Жұмағұлов Қ.Т., т.ғ.к., доцент Садықова Р.О. және клуб мүшелері қатысты.

   Мәжіліс жұмысының қорытындысы бойынша талқыға түскен студенттердің ғылыми жұмыстары конференцияға дайын деген қаулы қабылданды.