«Ника» студентік ғылыми клубының кезекті мәжілісі. 19.02.2019 Қартабаева Е.Т. - жетекші

     Клубтың кезекті мәжілісі клуб мүшелерінің «Фараби әлемі» дәстүрлі студенттік конференцияға дайындығы мәселесіне арналды. Атап айтқанда, 1 курс магистранты Мырзагелді Айдананың, 1 курс студенттері Әмзе Әсел мен Қодиров Зафардың сәуір конференцияға дайындаған баяндамалары талқыланды. Мәжілісті клуб жетекшісі дүние жүзі, тарихнама және деректану кафедрасының доценті, т.ғ.к., Е.Т. Қартабаева жүргізді. Мәжіліске т.ғ.д., профессор Жұмағұлов Қ.Т., т.ғ.к., доцент Садықова Р.О. және клуб мүшелері қатысты.

   Мәжіліс жұмысының қорытындысы бойынша талқыға түскен студенттердің ғылыми жұмыстары конференцияға дайын деген қаулы қабылданды.