Діни құндылық және радикалды идеология. Картабаева Е.Т., Дюсембекова Ж.К.

Тарих, археология және этнология факультеті, дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен «Діни құндылықтар және радикалды идеологияның зияны» атты тақырыпта әңгіме-сұхбат өткізілді. Шараның мақсаты - «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастарды ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу, діни сауаттылығын арттыру. Сұхбат барысында жастардың дәстүрлі құндылықтар мен дінге деген көзқарасы, пікірі мен ойлары ортаға салынды. Осы тақырыпта өз пікірін білдіріп, тың ойларымен бөліскен басты қонақ – Алматы қаласы әкімдігі қасындағы Діни басқарманың «Шаңырақ» діни кеңес беру, алдын алу және оңалту орталығы жетекшісі, т.ғ.к. М.Мадияров болды. Дөңгелек үстелді ұйымдастырып, жүргізген доцент Қартабаева Е.Т. ,  оқытушы Дюсембекова Ж.К.