Жаңалықтар

Рамазан айы құтты болсын!

14.04.2021

Құрметті мұсылман қауым! Ұстаған Оразаларыңыз қабыл болсын! 

Күллі мұсылман қауымын айлардың сұлтаны Рамазан айының келуімен құттықтаймыз! Адамды рухани өрлеуге, сабырлыққа, төзімділікке тәрбиелейтін қасиетті айдағы игі амалдарыңыздың сауабы еселі болсын, дұға тілектеріңіз қабыл болсын.

Ары қарай оқу >>

Магистранттар Нұр-Сұлтан қаласына ғылыми тәжірибеге аттанды

13.04.2021

Информатика кафедрасының «7M06103 - Компьютерлік инженерия» және «7М06104 - Компьютерлік ғылымдар» мамандықтарының 2-ші курст магистранттары ғылыми-зерттеу мақсатымен Нұр-Сұлтан қаласындағы «Astana IT University» және «7M01502 – Информатика» мамандығының Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне 12.04.2020-24.04.2021 аралығында өтетін ғылыми іс-сапарға аттанды.

Ары қарай оқу >>

Ашық кураторлық сағат

12.04.2021

2021 жылдың 10 сәуірінде Информатика кафедрасының КИ-1903 тобында «100 кітап» жобасыаясында онлайн режимде ашық кураторлық сағат өткізілді. Тәрбие сағатының тақырыбы- ұлы классик жазушымыз, табиғаты өзгеше талант иесі, қоғам қайраткері, ұлт прозасының майталман шебері Ғабиден Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романы.

Кураторлық сағаттың мақсаты: білім алушылардың Ғабиден Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтерін толықтыру, отанымызға,туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін арттыру - ұлы адамдарды құрметтеуге, халықтың өткені мен бүгінгісін танып, білуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағатын топтың куратор-эдвайзері Б.А. Максутованың жетекшілігімен өзінің педагогикалық тәжірибесін шыңдап жатқан кафедраның «Информатика» мамандығының 1 курс магистранты Н. Ешенқожаев ұйымдастырып, жүргізді. Студенттер  Ғабиден Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығы туралы әсерлі презентация мен видеоролик дайындап, кураторлық сабақ соңында викториналық сұрақтарға жауаптар беріліп, студенттер арасында тартымды пікір алмасу орын алды.

Магистранттың педагогикалық практикасының жетекшісі доцент Г.А. Мадьярова қатысып, тәрбие сабақтың мазмұнды да, мәнді өткенін «өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беріп, олардың әдебиетке, өнерге, еліне деген сүйіспеншілігін арттырары анық» деп жоғары бағалады.

Ашық кураторлық сағаттың жақсы өтуіне үлес қосқан топ студенттеріне, қонаққа келген əріптестерменмагистранттарға алғыс білдіремін.

 

КИ-1903 тобының куратор-эдвайзері Максутова Б.А.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Студенттік көктем» байқауының жеңімпаздары анықталды

02.04.2021

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" мақаласындағы Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасына сәйкес, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Студенттік көктем-2021» көркемөнерпаздар байқауы онлайн форматта ұйымдастырылды, деп хабарлайды.
Байқаудың мақсаты – жастар арасында салт-дәстүрді нығайту, ұлттық аспаптарды қастерлеу, бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауды қалыптастыру. Әлемде болып жатқан пандемияға қарамастан, ҚазҰУ студенттері асыға күтетін бұл байқауға ҚазҰУ жастары белсене атсалысты. Байқаудың әділ-қазы алқаларына, өнері мен өнегесі жарасқан жастардың арасынан үздігін таңдау оңайға түскен жоқ. Дегенмен, сайыстың шарты да сол – оза шапқан жүйріктерді анықтау.

Ары қарай оқу >>

Кураторлық сағат

31.03.2021

18.03.2021 күні Компьютерлік инженерия 2 курс ағылшын тобы шетелдік студенттерді қазақ дәстүрлерімен таныстыру мақсатында Наурыз мейрамына орай «Қазақтың ұлттық дәстүрлері тақырыбында» ашық кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағат барысында ұлттық спорт түрлерімен, музыкалық аспаптармен, халық шығармашылығымен және түрлі дәстүрлермен шетелдік студенттерді таныстыру жүргізілді. Куратор-эдвайзер, Информатика кафедрасының оқытушысы Қасымбек Н.М.

Ары қарай оқу >>

ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР

29.03.2021

2021 жылы 4 наурызда информатика кафедрасында онлайн-семинар өтті. «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығының магистранттарымен бірге аrt жетекшілері де қатысты. Комиссия мүшелері Информатика кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Дарибаев Б.С., кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, аға оқытушы Бурибаев Ж.А.

Ары қарай оқу >>

Алғыс хат

26.03.2021

Информатика кафедрасының меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, доцент м.а. Абдиахметова Зухра Муратовна  2021 жылдың 22-26 ақпан аралығында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық  олимпиадасының облыстық кезеңінде кәсіби біліктілігі мен  іскерлігін ұшстастыра отырып қосқан зор үлесі үшін "Алғыс хатпен" марапатталды

Ары қарай оқу >>

АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ

23.03.2021

Информатика кафедрасының 2 курс студенті Муханова Салтанат Бауыржанғызы аға оқытушы Ткач Галина Михайловна және доцент Керімбаев Нұрасыл Нұрымұлымен бірге 03.19.2021 ж. №16051 авторлық құқықтың иегерлері болды.
Авторлық құқық объектісінің түрі: Компьютерлік бағдарлама
Нысан атауы: «Система виртуально-дистанционного обучения TopTaskerGeo»

Ары қарай оқу >>