Жаңалықтар

«Білім беру мазмұнын жаңартудағы ІТ технологиялар: жетістіктері, мәселелері және оларды шешу жолдары»

14.04.2022

Қ.Жұбанов атындаңы Ақтөбе өңірлік Университеті Физика-математика факультеті ұйымдастырған «Білім беру мазмұнын жаңартудағы ІТ технологиялар: жетістіктері, мәселелері және оларды шешу жолдары» атты республикалық онлайн семинарына қатысып, құнды баяндама жасағаны ушін Керимбаев Нұрасыл Нұрымұлына алғыс білдірді.

Ары қарай оқу >>

12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күні

12.04.2022

Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-ғалымдары, жас ізденушілер!



Сіздерді 12 сәуір – Қазақстандағы Ғылым қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ата-бабаларымыз кез келген табыстың тек тынымсыз еңбек пен оқу арқылы келетінін жіті түсінген.

«Ғылым таппай мақтанба...» деп, ұрпақты ғылым, білімге үндеген ұлы Абайдың даналық ұстанымы бүгін де маңызын жойған жоқ.

Бүгінгі өркениет өлшемі ғылым мен білімнің даму көрсеткішіне байланысты.

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды қалыптастыруда, бәсекеге қабілетті қуатты экономика құруда ғылымның ықпалы зор болуы тиіс.

Ары қарай оқу >>

Театр

02.04.2022

Информатика кафедрасының оқытушылар мен студенттер құрамы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына Шыңғыс Айтматовтың «ҚЫЗЫЛ ОРАМАЛДЫ ШЫНАРЫМ» атты қойылымын тамашалауға барды.

Ары қарай оқу >>

«BILIM Hackathon 2022»

23.03.2022

ҚР БҒМ алғаш рет колледждер мен университеттер студенттері арасында IT байқау өткізеді:
жеңімпаздар 500 мыңнан 1,5 млн теңгеге дейін алады

Білім және ғылым министрлігі алғаш рет қатысуға ниет білдірген студенттер мен бағдарламашылар арасында «BILIM Hackathon 2022» IT байқауын өткізеді. Жеңімпаздар 1,5 миллион теңге алады. Екінші орынның жүлде қоры 1 000 000 теңгені, үшінші орын үшін 500 000 теңгені құрайды. Жеңімпаздар, яғни студенттер марапаттардан бөлек, жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

Айта кетейік, қазылар алқасының құрамына белгілі IT-компаниялардың өкілдері кіреді және үздік қатысушылар жұмысқа шақыру алады.

IT сайыс 26-27 наурызда Astana IT University базасында офлайн форматта өтеді.

Бұл байқау білім мен ғылым саласында жаңа IT жобаларды жасауға бастамашылық ету, сондай-ақ қазіргі және болашақ IT мамандарды ынталандыру мақсатында өткізіледі.

«Елімізде түрлі IT жобаларды әзірлейтін дарынды жастар көп. Оларды байқауға қатысуға шақырамыз. Сайысқа университет және колледж студенттері, одан бөлек, басқа да бағдарламашылар қатыса алады. Әр оқу орнынан бір командаға қатысуға рұқсат етіледі. Хакатонға қатысу үшін өтінімдерді monhackathon@gmail.com электронды поштасына жіберуге болады. Өтінімге команданың атауын, қатысушылардың аты-жөнін және ұйымның атауын көрсету қажет», - деп айтты Білім және ғылым вице-министрі Айбат Ілиясов.

Сайысқа қатысушыларға түрлі тапсырмалар беріледі. Мысалы, еркін тақырыпта да, берілген тақырып бойынша да білім беру саласындағы цифрлық шешімдер бойынша жоба дайындау.

Ары қарай оқу >>

"Шапағат" әлеуметтік қызмет орталығы

18.03.2022

Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының "Шапағат" әлеуметтік қызмет орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне профессор Н.Н. Керимбаевтың жетекшілігімен «8D01502-Информатика» мамандығының 1 курс докторанттары: Ж.С. Умирзакова, Н.Н. Нұрым және «7М01502-Информатика» мамандығының 1 курс магистранттары "Ұлыстың ұлы күні Наурыз" мерекесіне орай мүмкіндігі шектеулі балаларға дастархан жайып, қайырылымдылық іс-шарасы атқарылды.

Ары қарай оқу >>

8-Наурыз!

06.03.2022


Информатика кафедрасының аруларын келе жатқан 8-наурыз мерекесімен кафедраның ерлер қауымынан құттықтауы!

Ары қарай оқу >>

Илья Сегалович атындағы премия

01.03.2022

Біз Илья Сегалович атындағы 2022 жылғы ғылыми сыйлыққа өтінімдер қабылдауды аштық!
Сыйлық жас ғалымдар мен олардың тәлімгерлерін қолдау үшін тағайындалды. 2019 жылдан бастап ол компьютерлік ғылымның әртүрлі салаларындағы жетістіктері үшін марапатталды: Машиналық оқыту, компьютерлік көру, ақпаратты іздеу, сөйлеуді тану және синтездеу, табиғи тілді өңдеу және машиналық аударма.
Ресей, Беларусь және Қазақстанның жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының студенттері мен аспиранттары сыйлық алуға өтінімдерді өздері бере алады, сондай-ақ ғылыми жетекшілерді ұсына алады.
Лауреаттар 1 миллион рубль алады және жоғары технологиялық міндеттермен жұмыс істейтін Яндекс бөлімдерінің бірінде тағылымдамадан өте алады. Сонымен қатар, жеңімпаздар Яндекс краудсорсингі үшін платформаны пайдалануға грант алады.Толока.
Өтініш беріңіз және сыйлық туралы ақпаратты достарыңызбен және әріптестеріңізбен бөлісіңіз! 20 наурызға дейін уақыт қажет: https://clck.ru/amMEU

Ары қарай оқу >>

1 наурыз - «Алғыс айту күні»

01.03.2022

Сіздерді келіп жеткен 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтаймын!
Алғыс айту күні ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні.
Бұл мереке тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай халқына деген терең тағзымның белгісі болса керек.

Ары қарай оқу >>

Информатика кафедрасының шетелдік студенттері

28.02.2022

Қазіргі таңда шетелдік азаматтар сапалы білім алу үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне таңдауына әсер етуші факторлар:QS Global World Rankings рейтингінде үздік 175 университеттер қатарында;Білім берудің ағылшын тілінде болу мүмкіндігі;Қос дипломды бағдарламалардың болуы.Осыған дәлел ретінде тек информатика кафедрасында 2021-2022 оқу жылы 55 шетелдік азамат білім алуда.

Ары қарай оқу >>

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021»

22.02.2022

ҚР БҒМ ақпараттық жүйесінің базасында өткен «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» конкусының жеңімпазы атанған Информатика кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Керімбаев Нұрасыл Нұрымұлын шын жүректен құттықтаймыз. Кәсіби шеберлігіңіз бен жоғары біліктілігіңіз әлдеқашан танымал болған білгір де тәжірибелі маман ретінде сізге игі істеріңіздің қашанда оңға басуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына, ел-қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектестік білдіреміз.

Ары қарай оқу >>