Жаңалықтар

«ФАРАБИ ӘЛЕМІ»

21.06.2022

«Информатика» кафедрасының ұйымдастыруымен өтілген «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының «Информатика мен техниканың өзекті мәселелері» секцияларынан конференция қорытындысы бойынша қатысушыларға келесі орындар берілді.

1 - орын

Тайшыбаев Данияр

«Hr аналитика» үшін визуализация және болжау жүйесін құру

2 - орын

Турганов Мадияр

Тестирование алгоритмов распознавания фейковых новостей

2 - орын

Бектібай Әнел

Футболдағы ең жақсы матч ойыншысын болжам моделін құру

3 - орын

Жаксылыков Нурислам

Кәсіпорын аумағына арналған нейрондық желілер негізіндегі тұлғаны тану жүйесі

3 - орын

Асан Жанеля

Алматы қаласы бойынша төтенше жағдайларды машиналық оқыту алгоритмдерімен зерттеу

3 - орын

Қарабаев Елдос

Алматы қаласы бойынша тұрғын үлердің сатылуын болжау моделін құру


Ары қарай оқу >>

🔊 Құрметті білім алушылар!

04.05.2022

🔊 Құрметті білім алушылар! 2021-2022 жж. жазғы сессияның қорытынды бақылауына дайындалу мақсатында сіздер  үшін онлайн емтихандардың негізгі нысандары мен платформаларымен жұмысына дайындық бойынша вебинар өткізіледі:

➡️АЖ Univer

➡️ҚОЖ Moodle

➡️ҚОЖ Oqylyq

➡️Ауызша (онлайн) емтихандарПрокторинг, Антиплагиат жүйелерімен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықтар және емтихандағы негізгі ережелер қаралатын болады!
🗓️ Вебинар күні: 06.05.2022🕐 Уақыты: 18:00
📲 Қосылу сілтемесі:https://us02web.zoom.us/j/6921559903?pwd=UnJibTJlWUN3VG5sc0ZjdlA4MzJrdz09
Конференция идентификаторы: 692 155 9903Кіру коды: 111
Спикерлер: Нестеренков Петр Александрович (орыс/ағылш.) және Несіпбай Гүлдана Берікқызы (қаз.)

Ары қарай оқу >>

ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ - 2022

04.05.2022

Жас ғалымдардың 2022 жылғы Халықаралық конференциясы (ITSC) - Сүлейман Демирель университеті ұйымдастырған халықаралық пәнаралық шара. Жарияланған немесе қазіргі зерттеу жұмыстарын немесе идеяларын ұсынғысы келетін кез-келген жас зерттеуші және ғалым қатысуға өтініш бере алады. Конференцияда 15 минуттық зерттеу презентациясымен сөз сөйлегісі келетін жас зерттеушілер баяндама тезисін 100 сөзден кем емес көлемде ұсынуы тиіс.

Ары қарай оқу >>

Орталық Азиядағы әлеуметтік әсер ету стипендиялары: оқыту, зерттеу және өзара әрекеттесу интеграциясы

04.05.2022

Орталық Азиядағы әлеуметтік әсер ету стипендиялары: оқыту, зерттеу және өзара әрекеттесу интеграциясы
 
Жобаның қысқаша сипаттамасы
Лихай университетінің шығармашылық зерттеулер басқармасы 2019 жылдан бастап "Impact Fellowship" үш бағдарламасын - Global Social Impact Fellowship, Lehigh Valley Social Impact Fellowship және Campus Sustainable Impact Fellowship әзірлеп, енгізді. Осы үш бағдарлама студенттер мен оқытушыларға жаңа, елеулі, тұрақты, жүйелі өзгерістер жасау үшін сыртқы серіктестермен бірлесіп әсер етуге бағытталған көпжылдық жобалармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Біз осы мекемелердегі жобалар негізінде осындай оқытуды қолдау үшін Lehigh бағдарламаларын әзірлеу, жобалау және оқу инфрақұрылымын іске қосу үшін озық тәжірибені пайдалана отырып, олардың университеттерінде ұқсас бағдарламалар жасау үшін Алматы және Нұр-сұлтан, Қазақстан серіктес университеттерімен ынтымақтасуды ұсынамыз. Өз кезегінде, біз осы қалалық университеттер жобалар негізінде оқу үшін әлеуетті құру үшін бүкіл Қазақстан бойынша өңірлік мекемелермен ынтымақтаса алады деп күтеміз. Осы бағдарламаларды құру бүкіл өңір бойынша зерттеу кәсіпорындарын нығайтады, оқытушылардың Қазақстанның ішінде және одан тыс жерлерде неғұрлым жиі және тиімді ынтымақтастығына әкеледі және студенттердің қазақстандық жоғары оқу орындары мен Лихай сияқты американдық институттар арасындағы ұтқырлығын әлеуетті ұлғайтады. Алайда, нақты нәтижелер қолдау көрсетілетін жобалардың санымен және осы жобалардың әлеуметтік және жүйелік салдарымен өлшенеді.
 
Жоба жоспары
Консорциумға негізделген осы тәсіл аясында негізгі институттар құруЖобаларға негізделген оқытуды енгізуге қатысатын және пайда көретін аймақтық институттарды анықтаңыз.Лихай материалдарды оқытушылармен және біздің негізгі серіктестеріміздің Әкімшілігімен бөліседі.2022 жылдың көктемінде аймақтық университеттер үшін негізгі серіктестермен вебинарлар сериясын өткізуЛихай студенттері елге 2022 жылдың жазында дала жұмыстарына келеді; олар болған кезде аймақтық университет саммитін жинаңыз. Lehigh, AlmaU және AITU ұсынған семинарлар.Қазақстандағы оқытушыларға арналған ой-пікірлерЭкожүйеге қатысушыларды, университет емес серіктестерді анықтау үшін тарту

Ары қарай оқу >>

Президент Жолдауы. Мақсат айқындалып, міндет қойылды.

04.05.2022

Басты мақсат – 2025 жылға қарай АКТ өнімдерінің экспортын 500 млн АҚШ долларына жеткізу (қазір 30 млн). Біздің сала басқаларға қолдау көрсетіп қана қоймай, экономикаға тікелей пайда әкеле алатынын дәлелдеуіміз керек!
Бұл үшін, ең алдымен, ІТ-мамандардың тапшылығына қатысты мәселені шешу қажет. 
Цифрландыру саласында жұмыс істейін кісілер ІТ-нарықта мамандар жетіспейтінін жақсы біледі. Сондықтан 2025 жылға дейін 100 мың ІТ-маманды дайындауға күш саламыз. Осы мақсатта математикаға қабілетті қазақстандықтарға жеке және мемлекеттік ІТ-мектептерде оқу үшін ІТ-ваучерлер беріледі. 2025 жылға дейін 20 мың ваучер беруді жоспарлап отырмыз.
Түлектердің сапасын көтеру үшін Білім және ғылым министрлігімен бірге ЖОО мен колледждердегі оқу бағдарламасы қайта қарастырылады. Бағдарламалаудағы көне сөздер (pascal, basic) мен ескі технологиялар келмеске кетеді. ІТ біліктілікті растайтын тәуелсіз орталықтар құрылады.
Сондай-ақ ІТ-нарық пен ұлттық компаниялардың коллаборациясы туралы мәселе көтерілді. Сатып алу үрдісі кезінде ұлттық компаниялардың назарын отандық тізілімге аударту үшін отандық бағдарламалық жасақтама реестрін одан әрі ұлғайтамыз!
BI Group-тағы тәжірибеме сүйеніп айтарым, дәстүрлі салалар ІТ-мамандармен біріксе, жаңа стартаптар жасай алады. Қазақстан басқа елдермен салысыстырғанда, қай салада басым? Міне, осы салаларды жасампаз ІТ-кәсіпкерлермен біріктірсек, біраз мәселе шешіліп, жаңашылдықтарға жол ашылар еді. Бұл орайда мұнай-газ, құрылыс, ТМК және уран өнеркәсібіне күш саламыз.
Жас ІТ-мамандарға көмектесу үшін мемлекеттің және ұлттық компаниялардың қолдауымен венчурлық қорлар құрылады.
Цифрландыру мәселесінің екінші бөлігінде мемлекеттік басқаруды цифрландыру жайы көтерілді.
Бұл орайда Президентке ЦТО бастамасын қолдағаны үшін алғыс айтамын. Ескі процестерді автоматтандыруға тосқауыл қоямыз. First реинжиниринг қағидасына көшеміз! Яғни цифрландырудан бұрын, алдымен үдерістерді жөндеп, жетілдіріп, жаңғырту керек! 
Әрі қарай платформа жайлы. Бұл тақырыпқа күдікпен қарайтындар көп, бірақ Гугл, Амазон, Алибаба, Яндекс, Каспи және басқалары негізінде цифрландырудың платформалық моделін пайдаланады. Ал бізде ше? Қазір бізде түрлі технологиялар мен бағдарламалардың көне тілдеріне негізделген 400 ақпараттық жүйе мен деректер базасы бар. Осының кесірінен кейде оп-оңай сервистерді енгізудің өзі бір жылға жуық уақытты алады.  Сондықтан серіктестермен бірге платформалық үлгіге өтеміз. Сөйтіп ескі ақпараттық жүйеден жаңа заманауи қазақстандық платформаға көшіру тапсырыстары отандық ІТ-нарықтың одан әрі жандануына жол ашады. 
Нәтижесінде, азаматтар қызметтердің 100 пайызын әп-сәтте смартфон арқылы ала алады.

Ары қарай оқу >>

ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

02.05.2022

Сіздерді күллі мұсылман баласының ұлық мерекесі – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын! Айт қабыл болсын, ағайын!
«Айт» сөзі – «мерекелеу», «хал сұрасу», «бір-бірін қуанту», «қуанышқа топталу» деген мағыналарды білдіреді. Ораза айт мейрамында жүрекке мейірім, қуаныш сезімі ұялайды. Осынау сәулелі сәтте баршаңызға риясыз ниетпен Алланың амандығы мен берекесін тілеймін. Жаратқан жанұяларыңызға жар болсын!

Ары қарай оқу >>

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні.

01.05.2022

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды.
Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді.
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

Ары қарай оқу >>

Спорттық іс-шара!

29.04.2022

Информатика кафедрасының 20 жылдық мерейтойына орай "6B06104 Компьютерлік ғылымдар" және "6B06103 Компьютерлік инженерия" мамандықтарының 3 курс студенттері арасында спорттық іс шара өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Наурыз мейрамы құтты болсын!

22.04.2022

Құрметті әріптестер, достар мен студенттер!
Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.
Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін!
Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Ары қарай оқу >>

"ФАРАБИ ӘЛЕМІ" студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы (6-8 сәуір 2022 ж.)

15.04.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2022 жылғы 6-8 сәуір аралығында оффлайн форматта өтетін "Фараби әлемі" студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясына қатысуға шақырады. Конференцияға Қазақстанның және шет елдердің ЖОО мен ҒЗИ 35 жасқа дейінгі студенттері, магистранттары мен жас ғалымдары қатыса алады.
 
Конференцияның секциялық отырыстары 2022 жылғы 6-8 сәуір аралығында өткізіледі, онда ғылымның түрлі салалары бойынша теориялық, эксперименттік және қолданбалы сипаттағы баяндамалар тыңдалады.
 
Халықаралық конференцияны өткізудің жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

Ары қарай оқу >>