Ғылыми-зерттеу қызметі

Жалпы мағлұматтар: 

Ғылыми қызмет - әлеуметтік және экологиялық факторларды ескере отырып, ауру профилактикасы, диагностикасы мен оны емдеу бойынша инновациялық технологияларды жасап, оларды тез арада тәжірибеде жүзеге асырып, оқу үрдісін басқару барысында ақпараттық технологияларды қолдана отырып, ғылыми жұмыспен және клиникалық тәжірбемен қатар медицина мамандарын дайындау.       

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы: 3 медицина ғылымының докторы, 2 профессор, 3 медицина ғылымының кандидаты. Кафедра қызметкерлері бірнеше беделді бүкіл әлемдік және еуропалық ғылыми қоғамдардың мүшелері. Қызметкерлердің еңбектері Ресейлік және түрлі халықаралық ғылыми-медициналық форумдарда жоғары бағаланып, танымал болуда.

 Ғылыми бағыттары:

  1. Әлеуметтік және экологиялық факторларды ескере отырып, балалардың дерттерін емдеуде, диагностикасы мен аурудың алдын алу бағытында жаңа инновациялық технологияларды жасау және қолданыстағы түрлерін жетілдіру.
  2. Тұқым қуалайтын аурулардың даму себептерін анықтау мақсатында зертханалық тәжірибеге биохимиялық, молекулярлы-генетикалық диагностика тәсілдерін жасау және енгізу.
  3. Экологиядан тәуелді аурулардың патологиялық үдерістерін үлгілеу мақсатымен молекулярлық мехнизмдерді зерттеу. Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларының салдарынан ағзаны сауықтыруға бағытталған жаңа дәрі-дәрмектерді клиникалық деңгейге дейінгі скринингті жүргізу.
  4. Түрлі себепті генетикалық тұқым қуалайтын ауруларды зерттеу. Дертттің ауырлығы мен ем тиімділігін анықтау үшін биомаркерлер концентрациясын өлшеу әдістерін әзірлеу және енгізу. Ауру күрделілігі мен жекеленген емнің тиімділігін анықтау үшін, биомаркерлер құрылымын өлшеу тәсілдерін жасау және енгізу.
  5. Бала ағзасының дәрумендермен, микроэлементтермен қамтылуын зерттеу, дерттерді алдын алу және емдеу мақсатында түрлі дәрумен-минералды байытылған тамақ өнімдері мен кешендерді пайдаланудың тиімділігін зерттеу.

 Ғылыми жобалар мен зерттеулер:

  1. ҚР БҒМ Қазақстан Республикасындағы балалардың ми параличының даму қауіпі факторларының эпидемиологиясы мен бағалануы (2018-2019 жж. мерзім).
  2. Балаларда болатын ауыр патологиялардың қалыптасуы барысында, микроэлементарлық жетіспеушіліктің рөлі (2020-2023 жж. мерзім).

 Ғылыми зерттеулер бойынша студенттерге арналған ақпарат:

Кафедрада студенттік ғылыми үйірменің жұмысы жоспарлануда. Студенттердің жүргізген жұмыстарының нәтижелері ғылыми журналдарда жарияланатын болады. Сонымен қатар студенттер Қазақстанның, таяу және алыс шетелдің жас ғалымдарының ғылыми-тәжірибелік конференцияларына қатысады.