Халықаралық қызмет

Медициналық білім беру сапасын арттыру және медициналық білім беру оқытушыларының педагогикалық шеберлігін арттыру жөніндегі стратегиялық міндеттерді шешу шеңберінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті лицензияланған медициналық емтихандарға (IFOM және USMLE) халықаралық дайындық орталығын құру бойынша жұмысты бастайды. Осы орталықты құру аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Western Consulting және WOLFPACC (Florida, US) бірлесіп 2018 жылдың 8-12 қазан аралығында IFOM (International Foundation of Medicine) және USMLE (United State Medical Licensing Exam) медициналық мектеп оқытушыларына, студенттерге, интерндерге, резиденттерге және медициналық жоғары оқу орындарының түлектеріне арналған оқыту семинарын өткізді.

Семинар жұмысына Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарының 200-ден астам студенттері, интерндері, резиденттері мен оқытушылары қатысты.

Жетекші лектор доктор Ханс Петер Вольф - USMLE стандартталған тестіне студенттерге жүйелік тәсілін тез және тиімді түсінуге көмектесетін WOLFPACC бірегей әдісінің авторы.

Әрбір пәнді жеке-жеке зерделеумен классикалық тәсілге қарағанда, оқыту ағзалар жүйесі бойынша жүргізіледі, бұл фармакологияны, биохимияны, генетика мен микробиологияны патофизиологиямен және клиникалық көріністермен біріктіруге мүмкіндік береді.

Семинар барлық пәндер бойынша дәрістердің кіріспе курсын қамтыды. Доктор Вольф сондай-ақ IFOM және USMLE дайындауға байланысты барлық ұйымдастыру сұрақтарына жауап берді.