White Coat Ceremony 2021

01.12.2021

Көрулер: 1834

 

 

 
     

26 қарашада Жоғары медицина мектебінің 1 курс студенттері салтанатты түрде ақ халатты абзал жан атанып, Гиппократ антын қабылдап, медицина факультетінің студенттері – болашақ дәрігерлер мен провизорлар қатарына ресми түрде қабылданды. Биылғы жылы дәстүрге айналған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Ақ халат» салтанаты 20 қарашада атап өтілетін Жоғары медицина мектебінің туған күніне орайластырылды. Бірінші курс студенттерін студенттерге арнауларымен құттықтаймыз. Алда ең адамгершілігі мол, асыл мамандыққа апарар қиын, бірақ қызықты жол күтіп тұр. Ақ халатыңызды мақтанышпен киіңіз!