Негізгі қызметі
Студенттер ғылыми қоғамы - әр факультет студенттерінің ерікті, өзіндік басқара алатын, бейкоммерциялық қалыптасқан, студенттер ынтасымен құрылған біріккен қоғам болып табылады.
СҚҒ-ның негізгі міндеттері:
- Факультеттің ғылыми жұмысының негізгі функционалдық бағыттары бойынша іс-шаралардың өткізілуін және жүйелі жұмысты жоспарлау;
- Факультет әкімшілігінің алдында, университетаралық, мемлекеттік, халықаралық деңгейлерде студенттердің мүддесін қорғау;
- Студенттердің ішкі әлеуетінің көрініс табуына қолдау көрсету.
Міндеттері:
- Студенттерге олардың құқықтары мен міндеттері жайлы кеңес беру, кафедраларда және ғылыми үйірмелерде ғылыми-зерттеу жұмыстарының өткізілу жүйесі жайлы мәліметтер беру.
- Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуға кеңінен тарту.
- Ғылыми конференцияларды, ғылыми жұмыстардың байқауын өткізу, ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен насихаттау.
- Ең үздік студенттік жобалардың өндіріске еніп, жариялануына көмек көрсету.
- Факультеттің басқару жүйесінің барлық деңгейлеріндегі (Ғылыми Кеңес, деканат, кафедралар, зертханалар және факультеттің өзге де әкімшілік бөлімдері) факультет әкімшілігі мен СҒҚ-ның өзара қарым-қатынасының құрылымдық жүйесін құру және дамыту.
- СҒҚ мүшелерінің университет үшін стратегиялық маңызы бар шешімдер, қоғамдық өмір мәселелері мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысты құжаттардың құрылуына қатысуы.
- Факультетаралық, университетаралық, халықаралық байланыстардың орнықтырылып, нығайтылуына бағытталған іс-шаралардың өткізілуі; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың өзге факультеттерінің және басқа да ЖОО қоғамдық ұйымдарымен тәжірибе алмасуды жүзеге асыру.
- СҒҚ мәлімет тасымалдаушыларын құру және қолдау.
- Конференциялар мен СҒҚ Кеңесінің шешімдерінің мәлімет тасымалдаушыларында уақытылы жариялау.
- Факультетте өткізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының әр түрлі тараптарына қатысты мәліметтердің мәлімет тасымалдаушыларында уақытылы жариялау.