Қыз тəрбиесі - ұлт тəрбиесі

14.11.2018

Көрулер: 947

Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биология жəне биотехнология факультетінің биофизика жəне биомедицина кафедрасының 5В060700 Биология мамандығының 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен "Қыз тəрбиесі - ұлт тəрбиесі" тақырыбында кураторлық ашық сабақ факультет деңгейінде өтті. Ашық сабақ барысында қыз тəрбиесі мен болашақ ана туралы көптеген мəліметтер айтылды. Жас ерекшеліктеріне байланысты "Жасқа сай физиологиялық ерекшеліктер" пəнінен өткен қыз бала ағзасында болатын өзгерістер жайында да баяндамалар болды.

Ұйымдастырушылар: куратор эдвайзер б.ғ.к. Атанбаева Г.Қ., 2 курс магистранты Ғалымқызы Г.