«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» әлеуметтік-танымдық іс-шарасы

28.01.2020

Көрулер: 6875

2020 жылдың 28 қаңтарыда дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушылары мен студент-спортшылары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне арналған әлеуметтік тәрбиелік іс-шара өткізді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Гимнінің салтанатты шырқалуымен ашылды. Біздің студенттердің әрқайсысы мемлекеттік рәміздердің бағасы мен маңызын біледі. Спортта бірінші болып, трибунада тұрып, Әнұранымыздың және тудың қалай көтерілгенін есту спортшылар арасында ғана емес, көрермендерде де патриотизмді дамытады. Көпшілік көріп, мақтан тұтады!