«Әбдіжәміл Нұрпейісов әдеби әлемі» шығармашылық кеші

18.10.2019

Көрулер: 3448

2019 жылдың 18 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Студенттер сарайында белгілі жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 95-жылдық мерейтойына арналған «Әбдіжәміл Нұрпейісов әдеби әлемі» атты шығармашылық кеші өтті. Нұрпейісов Әбдіжәміл Кәрімұлы – Ұлы Отан соғысының ардагері, ҚазССР Мемлекеттік және КСРО Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты. Бұл кешке дене шынықтыру және спорт кафедрасының шетелдік 1 курс студенттері мен эдвайзерлері Адильжанова М.И. және Курманалиев С.К. қатысты.