«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша дене шынықтыру және спорт кафедрасының медицина факультетінің магистранттары Молдахметов Баглан және Панарин Максим Германияның Кельн Университетінде ғылыми стажировкадан өтті

04.04.2016

Көрулер: 4429

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша дене шынықтыру және спорт кафедрасының медицина факультетінің магистранттары Молдахметов Баглан және Панарин Максим 2016 жылдың сәуір айының 4 мен 15 аралығында Германияның Кельн Университетінде «Биологиялық даму және салауатты өмір сүру салтын насихаттау» бағдарламасы бойынша ғылыми стажировкадан өтті.

Тағылымдама бағдарламасы магистранттарға магистрлік диссертация тақырыбы бойынша ғылыми зерттеулерді аяқтауға дайындық жұмыстары ретінде арналған. Тәжірибенің негізінде зерттеу тақырыбымен және, аналитикалық қорытындымен, тұжырымдармен, диссертация тақырыбы бойынша ұсыныстармен таныстыру үшін арналған.

Тағылымдамалық база магистранттардың жұмысына арналған ресурстарды қамтамасыз етті. Кельн Университеті білікті профессор-оқытушылар құрамын жұмыс жасайды , олар семинар сабақтарын, лекциялар мен консультацияларды өткізіп, магистранттардың ғылыми жұмыстарын орындауға арналған практикалық нұсқаулықтарды ұсынды.