Ұлы Жеңісте шайқасқан арыстарға мың тағзым

04.05.2019

Көрулер: 4016

Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күні қарсаңында ҚазҰУ-да Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен Ақсақалдар кеңесі мүшелеріне арнайы құрмет көрсетілді. 

Сөз алған бірінші проректор Мұхамбетқали Бүркітбаев ҚазҰУ-дың әлемдік аренадағы көшбасшылық орнының нығайа түскендігі жайлы айтып, «Сіздердің Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін шайқастардағы теңдессіз ерліктеріңіз бен табандылықтарыңыз ғасырлар бойы жасай береді. Себебі, сіздер кейінгі ұрпақтың жарқын болашағын қорғап қалу арқылы өздеріңіздің азаматтық және патриоттық парыздарыңызды абыроймен орындап шықтыңыздар. Сондықтан да Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке. Осынау айрықша киелі күнде сіздерге зор денсаулық, бақыт, қуаныш, болашаққа деген сенім мен отбасыларыңызға береке-бірлік, ынтымақ тілейміз», - деді бірінші проректор.

Жалпы Қаз­ҰУ-дың Ақсақалдар ке­ңе­сі­не зияткерлік және біл­ім беру деңгейін арттыруға айрық­ша ең­бек сіңірген, оқу орнының ғылым, мәдениет және рухани мүмкіндігінің дамуына зор үлес қосқан тәжірибесі мол бе­де­лді ғалым­дар кіреді. Оқу орнындағы әр кезгі басқосуда ақсақалдар кеңесі бі­­лім мен ғылыми-зерттеу қыз­­ме­тінің жетілдіру жолдары, инфра­­құрылымдық дамудың ин­вес­­тициялық жобалары жайлы арнайы кеңестер өткізіп тұрады.

Шара аясында ғылымға еңбек сіңір­ген қайраткерлер – ҚР ҰҒА академиктері Арықбай Ағыбаев, Мем­ле­кет­тік сыйлықтың лауреаты Зұлхайыр Мансұров, тарих ғы­лым­дарының докторы Уахит Шәл­екенов, ҚазКСР-інің еңбек сіңір­ген жаттықтырушысы Анатолий Арещенко және басқа да ақсақалдар оқу орнындағы жа­ғымды өзгерістерді тілге тиек етіп, университеттің даму стра­тегиясын қолдап, батасын берді. Ақсақалдар әсіресе, QS рейтингінде ҚазҰУ-дің әлемнің үздіктер қа­тарына енуін жоғары бағалап, уни­верситеттің Орталық Азия мен ТМД-дағы алдыңғы қатарда тұрғандығын атап өтті. «Әл-Фараби атындағы Қаз­ҰУ мой­ын­далған халық­ара­­лық беделге ие, әлемнің мың­­даған уни­вер­ситеттері рей­тингіндегі оның жоғары көрсеткіші еліміз үшін үлкен же­тістік болып саналады», - деді Уәхит Шәлекенов.

Ізгі ниет пен жылы лебізге толы өткен мерекелік шара барысында ардагерлер мен қонақтардың құрметіне жақсы сөздер айтылды, ыстық ықылас-ниетін білдіргендер көп болды. Сондай-ақ, студенттік көркемөнерпаздар ұжымы мерекелік концерт ұйымдастырып, меймандардың мерейін еселей түсті. Жиын соңында ардагерлер естелік суретке түсіп, оларға арнайы сый-сияпаттар тарту етілді. 

www.kaznu.kz