Алматы қ. ЖОО-лар ректорларының семинар-кеңесі
Жиын барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ұсыныстары қарастырылады. Атап айтар болсақ білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Сыбайлас жемқорлықтан тыс университет» жобасының жүзеге асыру тәжірибесі талқыланатын болады.
Аталмыш шараның ұйымдастырушылары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті мен «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі.
Өтетін орны мен күні: 7 қыркүйек күні сағат 11: 00-де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Керемет" СҚКО 204 аудитория.
Байланыс телефондары: 8 (727) 377 3148; 8701 801 86 88