" Жемқорлықтан тыс университет"

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы «Азаматтық бақылау» қоғамдық қабылдаумен бірлесе отырып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл факторы ретінде Қазақстан Республикасында бюджеттік ұйымдар мен ұлттық компаниялардың кадрлық саясатына меритократия қағидасын енгізудің негізгі жолдары туралы» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізеді.

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті«Азаматтық бақылау» қоғамдық қабылдау.

Іс шараға қазақстандық ғалым-заңгерлер және шет елдердің ғалымдары, мемлекеттік органдардың өкілдері, ұлттық компаниялардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысады. 

Дөңгелек үстелде келесі мәселелер талқыланады:

  • ·      Қазақстан Республикасында кадрлық саясатты реформалаудың бір бағыты ретінде меритократия қағидасын енгізу.
  • ·      Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдарда, бюджеттік ұйымдарда және ұлттық компанияларда кадрларды іріктеу, әзірлеу және алға жылжыту жүйесін жетілдіруде меритократия қағидасының рөлі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл.
  • ·      Кадрлық саясатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл факторы ретінде меритократия қағидасы.
  • ·      Мемлекеттік қызметшілер корпусы мен ұлттық компаниялар жұмысшыларын қалыптастыруда меритократия қағидасын пайдаланудың құқықтық аспектілері.
  • ·      Алыс және жақын шет елдерде кадрлық саясатта меритократия қағидасын енгізу тәжірибесін пайдаланудың мәселелері мен перспективалары.

Ұйымдастырушы комитет және байланыс телефондары: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, тел.: 8 (727) 221-12-55, +77014151814, +77075751175, +77013553535. Баймаханова Дина Муратовна, Турсынкулова Динара Ахановна, Каратаева Айгуль Муратбаевна, Кусаинов Думан Озаманович, Нусипова Лятифа Багдатовна.

Өтетін орны: Алматы қ., әл-Фараби д. 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, заң факультеті, 309 ауд.

Өтетін күні: 2018 жылы 21 маусым, сағат 11.00

Іс-шараны өткізу тілі: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.

Басылым күні :  03.07.2018