"AntiParaCraft-2021" эстафетасы

26.02.2021

Көрулер: 905

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті "AntiParaCraft-2021" эстафетаны қабылдап, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесіп "Zoom" платформасында студенттік квест-ойынын онлайн форматта өткізеді.

Іс-шараның мақсаты: жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті қалыптастыру, құндылық ұстанымдарын және жастардың парасаттылыққа қатысты азаматтық ұстанымын қалыптастыру үшін қажетті қабілетіліктерін дамыту.

Квест-ойынның ұйымдастырушысы - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Квест-ойынның өткізілуін ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз ету үшін ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы құрылады және бекітіледі.

Квест ойыны 2021 жылдың 03 наурызында өткізіледі. Өткізу мерзімі мен уақыты Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің сайтында орналастырылады.

Топ кураторлары қатысушылар командасын қалыптастырады, команда атауы мен капитанды таңдауға көмек көрсетеді, командалардың тізімін ойынның ұйымдастыру комитетіне ұсынады. Команда құрамына 4-5 адам кіруі мүмкін.

Квест-ойынды өткізу үшін ұйымдастыру комитеті үш бөлімнен тұратын сценарий әзірлейді: ойынның салтанатты ашылуы, тапсырмаларды орындау, жеңімпаздарды марапаттау.

Ойын 4 кезеңнен тұрады. Қатысушы-командаларға кезеңдерден өту үшін бағыт парақтары беріледі. Командалар кезек-кезек өтіп, маршруттық параққа сәйкес ойынды бастайды. Әр кезеңде тапсырманы орындау керек, дұрыс орындау үшін ұпайлар беріледі (орындалу дәрежесіне байланысты 1-ден 10 баллға дейін). Бір кезеңнен өтуге командаға 10 минут беріледі.

Барлық кезеңдерден өткеннен кейін командалар нәтижелерді жариялау үшін жиналуы керек. Барлық командалар тапсырмаларды орындағаннан кейін қазылар алқасы ойынның қорытындысын шығарады және қатысушылардың қорытынды рейтингін жасайды.

Ойын жеңімпаздары ұпай санау арқылы анықталады: ең көп ұпай жинаған команда 1 орын алды деп танылады. Екінші және үшінші орындар рейтингтік кестеге сәйкес бөлінеді. Жүлделі орын алған командалар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Қатысуға өтінімдер 2021 жылғы 01 наурызға дейін 050040, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71, ГУК-3, 3 - қабат, 325 каб. мекенжайы бойынша ұйымдастыру комитетіне немесе е-mail: sme728ok@mail.ru поштасына ұсынылуы тиіс. Байланыс телефондары: 8 (727) 377-33-35 ішкі 12-55; ұялы: 87003984799, 87013553535.

Ұйымдастырушы: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.