Alternate Text

ҚазҰУ-дың "Үздік дебатері"

06.10.2020

Көрулер: 3080

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенті Әйгерім Боранғазы Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Әлем елдерінің сайлау жүйелері» интернет-олимпиадасында, «Үздік дебатер» байқауында жеңіске жетті.

Интернет-олимпиаданың екінші кезеңіне еліміздің 6 ЖОО-нан 10 студент қатысты. Құзыретті қазылар алқасы екі палаталы парламенттің унитарлық мемлекетте жұмыс істеуінің артықшылықтары мен кемшіліктері; сайлау комиссиялары мен сайлаушылар тізімдерін қалыптастыру қағидаттары; интернет желісін және пошта байланысын пайдалана отырып дауыс беру және сол сияқты т.б. өзекті мәселелер бойынша пікірталас жүргізу дағдыларын қарастырды.

Жарыс қорытындысы бойынша әл-Фараби ат.ҚазҰУ-дың заң факультетінің 4 курс студенті Әйгерім Боранғазы жеңіске жетті. Қазылар алқасы оның үлкен зияткерлік әлеуетін, терең талдау дағдыларын, сондай-ақ материалдың мазмұны мен нысанын жоғары бағалады.

Әйгерімді лайықты жеңісімен және олимпиаданың барлық қатысушыларын осындай тамаша бастамамен құттықтаймыз!