«Sanaly urpaq»

04.04.2019

Көрулер: 4034

Алматыда «Sanaly urpaq» жобасы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың лекциялық топтары өз қызметін жалғастыруда.

Дәріскерлік топтардың қызметі халыққа Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын түсіндіруге арналған. Басты мақсат - жемқорлыққа қарсы сана мен азаматтардың жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру. Сонымен, 2019 жылдың 4-ші сәуірінде «Sanaly urpaq» жобалау бөлімінің бастығы Қ.А.Тоқышев, сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар ғылыми-зерттеу институтының жетекшісі, з.ғ.к. доцент К.Р.Усейнова, Әл-Фараби Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің кафедра меңгерушісі Г.Р.Усеинова, з.ғ.д., профессор А.С.Ибраева, оқытушы М.Е.Сагинаева Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының студенттері мен оқытушыларымен кездесу өткізді.

Аталған іс-шара аясында Академияның студенттері мен оқытушылары Жоба Басқармасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл технологияларының ғылыми-зерттеу институтының қызметімен танысты.

Профессор Ибраева А.С. студенттерге сыбайлас жемқорлық пен жемқорлықтың қауіп-қатерлері; сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен жемқорлыққа қарсы мәдениет қалай қалыптасатындығы туралы айтып берді.

З.ғ.д., профессор Г.Р.Усеинова «Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес негіздері» атты интерактивті оқулығын таныстырды.

Кездесудің ақырғы бөлігінде жобаның жетекшісі Қ.А.Тоқышев сөз соңында студенттердің сұрақтарына жауап берді.

www.kaznu.kz