Алматы қаласының ЖОО сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұсыныстарды орындау үстінде

11.01.2019

Көрулер: 548

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың "Sanaly Urpaq" жобалық кеңсесінің алаңында білім және ғылым саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұсыныстардың 1-ші раундын іске асыру барысы талқыланды, сондай-ақ жоғары оқу орындарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологияларды енгізуді бағалау бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасының электрондық платформасы таныстырылды.

Аталған кеңеске Алматы қаласының жоғары оқу орындарының өкілдері, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар" ҒЗИ сарапшылары қатысты.

"Sanaly Urpaq" жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Токушев, агенттік біздің қоғам өмірінің барлық салаларында, соның ішінде жоғары оқу орындарының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша мақсатты түрде жұмыс жүргізіп жатқанын, талдау қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстарды енгізетінін атап өтті.

Жоғары оқу орындарының өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұсыныстардың орындалуы туралы есеп берді.

Қорытындылай келе, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің департамент басшысы Данияр Тамұрат, Агенттік әзірлеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұсыныстар жоғары оқу орындарының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыру үшін және ашықтық пен айқындықты орнатуға бағытталғанын айтты.

Айта кету керек  2018 жылдың 16 қарашасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Шпекбаев А.Ж., Алматы қаласының әкімі Байбек Б.Қ, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Аймағамбетов А.Қ. және білім беру мекемелерінің басшыларының қатысуымен ҚР білім және ғылым саласына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұсыныстардың 1 кезеңімен таныстырған болаты

Баспасөз қызметі

www.kaznu.kz