ҚазҰУ-да құқықтық білім күні өтті

13.11.2016

Көрулер: 4851

Факультеттер мен студенттер жатақханасында құқықтық білім күні өтті.

Студенттердің құқық бұзушылығының алдын алу мақсатында университет пен құқыққорғау мекемелері арасында тығыз қарым-қатынас орнатылған, сондай-ақ, оқу орнында түрлі мамандардың қатысуымен бірлесіп түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Жыл сайын факультеттер мен жатақханаларда студенттердің құқыққорғау мекемесінің қызметкерлерімен 30-40 шақты кездесуі ұйымдастырылады. Онымен қоса, студенттер мен оқытушылар арасында құқықтық тақырыпта семинар-тренингтер өткізіліп отырады.