Шегерімдер мен жеңілдіктер
| Талапкерлер үшін | ||
|---|---|---|
| Санаты | Келісімшартта көрсетілген сомадан шегерілетін жеңілдіктің көлемі % көлемі | Ескерту |
| Ерекше аттестатқа ие мектеп бітірушілері үшін | 15 | Оқудың бірінші жылына |
| Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжін үздік дипломмен тамамдаған бітірушілер үшін | 10 | Оқудың бірінші жылына |
| Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің түлектеріне (шетелдік азаматтар) | 10 | Тұтас оқу мерзімі үшін (4 жыл) |
| Тұтас оқу мерзімінің оқу ақысын алдын ала бір мезгілде төлеген жағдайда, өзге жеңілдіктерден тәуелсіз түрде, төлем сомасы оқу мерзімі аяқталғанша өзгеріссіз қалады | 10 | Тұтас оқу мерзімі үшін |
| Ауылдық мектептерді “жақсы” және “өте жақсы” деген бағамен тамамдаған бітірушілер үшін | 10 | Оқудың бірінші жылына |
| Білім алуын жалғастырушы студенттер (бакалаврлар) үшін | ||
| Ата-анасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қызметкері болып табылатын студенттер үшін | 0-15 | Ағымдағы оқу жылына |
| Магистратураға түсушілер үшін | ||
| Үздік дипломмен тамамдаған түлектер үшін | 20 | Оқудың бірінші жылы үшін |
| Бітіру дипломында “жақсы” және “өте жақсы” деген бағалары бар түлектер үшін | 15 | Оқудың бірінші жылы үшін |
| Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектері үшін (шетелдік азаматтар) | 15 | Тұтас оқу мерзімі (1;1,5;2 жыл) |
| Тұтас оқу мерзімінің оқу ақысын алдын ала бір мезгілде төлеген жағдайда (оқу мерзімі 2 жыл болған жағдайда) өзге жеңілдіктерден тәуелсіз түрде, төлем сомасы оқу мерзімі аяқталғанша өзгеріссіз қалады | 10 | Тұтас оқу мерзімі үшін |
| Білім алуын жалғастырушы магистранттар үшін | ||
| “Өте жақсы” деген бағамен оқитын магистранттар үшін (қысқы және жазғы сессиялардың қорытындысы бойынша) | 20 | Оқудың екінші жылына |
| “Жақсы” және “өте жақсы” деген бағамен оқитын магистранттар үшін (қысқы және жазғы сессиялардың қорытындысы бойынша) | 15 | Оқудың екінші жылына |
| Университетте жұмыс істейтін магистранттар үшін | ||
| Қызметкерлер қатарындағы магистранттар үшін | 0-15 | Ағымдағы оқу жылына |
| Колледжге түсуші талапкерлер үшін | ||
| Ерекше аттестатқа ие мектеп бітірушілері үшін | 10 | Оқудың бірінші жылына |
| Тұтас оқу мерзімінің оқу ақысын алдын ала бір мезгілде төлеген жағдайда өзге жеңілдіктерден тәуелсіз түрде, төлем сомасы оқу мерзімі аяқталғанша өзгеріссіз қалады | 10 | Тұтас оқу мерзімі үшін |
| Ауылдық мектептерді «жақсы» және «өте жақсы» деген бағамен тамамдаған бітірушілер үшін | 7 | Оқудың бірінші жылына |
| Колледжге оқуын жалғастырушылар үшін | ||
| “Өте жақсы” деген бағамен оқитын білім алушылар үшін | 10 | Бір семестр үшін |
| “Жақсы” және “өте жақсы” деген бағамен оқитын білім алушылар үшін | 7 | Бір семестр үшін |
| ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің халықаралық білім беру департаментіне түсуші тыңдаушы - шетелдіктер үшін |
||
| Тұтас оқу мерзімінің оқу ақысын алдын ала бір мезгілде төлеген жағдайда өзге жеңілдіктерден тәуелсіз түрде, төлем сомасы оқу мерзімі аяқталғанша өзгеріссіз болады | 10 | Тұтас оқу мерзімі үшін |
| Оқуда озат студенттер үшін | |||
|---|---|---|---|
| Санаты | Оқу жылының нәтижесі бойынша GPA |
Келісімщартта көрсетілген сомадан шегерілетін жеңілдіктің % көлемі |
Ескерту |
| Оқуда озат студенттер үшін | 4,0 | 25 | Бір семестр үшін |
| Оқуда озат студенттер үшін | 3,67 - 4,0 | 15 | Бір семестр үшін |
| Жетім студенттер үшін | 3,0 - 4,0 | 25 | Бір семестр үшін |
| Мүгедек студенттер үшін | 3,0 - 4,0 | 25 | Бір семестр үшін |
| Ата-анасының екеуі де мүгедек студенттер үшін | 3,0 - 4,0 | 25 | Бір семестр үшін |






