Брейн-ринг

Желтоқсан айының 5-жұлдызында Тарих, археология және этнология факультетінде "Студенттер Ғылыми Қоғамы" ұйымдастырған "Брейн-ринг" атты сайыс өтті. Сайысқа "Көмек", "Сұңқар", "Мәслихат", "Жас Отан" және "Студенттер Кеңесінің" 1-курс студенттері қатысты. Бұл іс-шараның мақсаты сайыскерлердің білімін сынап, логигалық ойлауын дамыту. Сайыс жоғары денгейде өтті, қатысушылар өзінің мықты екенін дәлелдеп шықты. Нәтижесінде "Көмек" 1-орынды, "Сұңқар" 2-орынды, "Мәслихат" 3-орынды иеленді.

 
   

Басылым күні :  08.12.2015