Қаланың күніне орай «Ғасырлар тарихы бар қала»

Алматы қаласы Еуразиялық континенттің орталығында, Тянь-Шань тауының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан.

Алматы қаласының тарихы ғасырлар қойнауынан басталады, қазба жұмыстары кезінде археологтарсол уақыттың«Алмату» деген жазуы баркүміс теңгелерін тапқан. Шамамен 2004 жылдан бастап қаланың 1000 жылдық тарихы бар деген болжамды негіздеу үшін қызу жұмыс басталып, соның негізінде, Алматы аумағында жүргізілген қазба жұмыстары және кездейсоқ табылған археологиялық материалдар мен нумизматикалық коллекцияларды талдау, этнографиялық және шығыстану саласындағы зерттеулерге сүйене отырып, Алматының жасы 1 мың жылдан кем емес деген ұйғарым жасалынады.

Сол ұйғарымға сүйене отырып,  2016 жылы — Алматы  қаласының 1000 жылдық мерейтойын атап өтуге шешім шығарылады.

Осыған орай «Геодезия және картография»  мамандығының студенттері өздерінің алғашқы ашық сабақтарын және іс-шараларын өткізген болатын. Студенттер қаланың тарихымен танысып, көрікті жерлерін көріп қайтты.  

Жауапты: Сулейменова Д.Н., Маженова Ж.А., Мадимарова Г.С., Байдаулетова Г.К.

Басылым күні :  06.12.2017