Шәкіртақылар тағайындау

Саясаттану ғылымына үлес қосқан белгілі тұлғалар атындағы шәкіртақылар тағайындаудың игі дәстүрі саясаттану кафедрасында қалыптасып келеді. Осыған орай 2015 жылдың 6 маусымында саясаттану кафедрасында, белгілі тұлғалар  Тілеміс Мұстафин, Нұрболат Масанов, Сәбит  Жусупов, Мейіржан Машан атындағы шәкіртақылар берілді. 

Осындай жақсы іс-шараға мұрындық болған белгілі саясаттанушы Е.Т. Карин мырзаға университеттің дамуына айрықша үлес қосқаны үшін университет ректоры Ғ. Мұтанов атынан   «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға 80 жыл»  мерейтойлық медалі табыс етілді.

Шәкіртақы иегерлері, студенттер мен магистранттардың орындаған ғылыми жұмыстары негізінде өткізілген байқау нәтижелері арқылы анықталды.  Шәкіртақы тағайындауға ниет білдірген Қазақстан Республикасы президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Ерлан Карин болып табылады.

Зияткерлік байқаудың мақсаты студенттер арасындағы ғылыми ізденісті, сараптамалық зерттеуге деген қызығушылықты арттыру болып табылады. Ғылыми жұмыстар мына тақырыптар бойынша жазылған болатын: «Қазақстандағы саяси модернизация», «Қазіргі заманда Қазақстандағы  саяси ғылымның дамуы», «Қазақстандағы саяси жүйенің трасформациясы», «Орталық Азия қауіпсіздігі: қауіп-қатерлер мен шешім жолдары».

Осының нәтижесінде шәкіртақы иегерлері анықталды. Тілеміс Мұстафин атындағы шәкіртақы иегері Иманбай Жандос, Нұрболат Масанов атындағы шәкіртақы иегері Тұрсынқұлов Дәурен, Сәбит Жусупов атындағы шәкіртақы иегері Нышанбаев Нұрболат және де Мейіржан Машан атындағы шәкіртақы иегері Абдрашитова Айгерім.

Шәкіртақы тағайындау рәсімі тату және жылы атмосферада өтті. Іс-шараның ерекшелігі, шәкіртақыларды студенттерге ғалымдардың туған-туыстары тапсырды. Шәкіртақы иегерлері өздерінің жылы лебіздерін, алғыстарын білдірді.

Сонымен қатар университет ректоры Ғ. Мұтанов университеттің дамуына айрықша үлес қосқаны үшін Е.Т. Карин мырзаға «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға 80 жыл»  мерейтойлық медалі табыс етілді.

Басылым күні :  09.06.2015