ҚСЗИ САРАПШЫЛАРЫ САЯСАТТАНУШЫЛАР МЕН САЯСИ ТЕХНОЛОГТАРДЫ ДАЯРЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

2021 жылдың 26 наурызында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Алматы қаласындағы Өкілдігінде ҚСЗИ басшылығының әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының меңгерушісімен, саяси ғылымдар докторы, профессор Гүлнар Насимовамен жұмыс кездесуі өтті.

ҚСЗИ атынан кездесуге ҚСЗИ директоры және директордың орынбасары Зарема Шаукенова мен Санат Көшкімбаев, ҚСЗИ-дің Алматы қаласындағы Өкілдігінің басшысы Әсел Әбен, Өкілдіктің қызметкерлері - бас сарапшы Болат Әуелбаев және инженер Берік Леспек қатысты.

Саясаттану бөлімінің түлектері сұранысқа ие және Президент Әкімшілігінде, Елбасы кітапханасында, Парламентте, Үкіметте, мемлекеттік органдарда, ғылыми және оқу орындарында еңбек етуде. Саясаттану кафедрасы көптеген жылдар бойы Алматы қаласындағы Өкілдігі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ саясаттану бөлімінің магистранттары мен докторанттарына арналған өндірістік тәжірибе базасы болып табылатын Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты үшін кадрларды табысты дайындауда. 2017 жылдан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен кафедра ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ үшін мақсатты гранттар бойынша докторанттарды дайындауда.

Студенттерге Т.МустафинС.ЖүсіповН.МасановЛ.Байделдиновтың атаулы стипендияларын тағайындаған саясаттану және саяси технологиялар кафедрасына ҚР Президентінің көмекшісі, белгілі қазақстандық саясаттанушы, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры (2014 – 2017 жж.) Е.Т. Қарин үлкен қолдау көрсетуде.

Кездесу барысында саясаттанушыларды даярлаудың жоспарлары мен тәсілдері, жалпы ғылыми-сарапшылық салада, атап айтқанда ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-да қазіргі жағдайда жұмыс істеу үшін кафедра түлектерінің білім деңгейі мен құзыреттілігіне қойылатын талаптардың өсуі талқыланды.

ҚСЗИ директоры Гүлнар Өрленбайқызына және оның тұлғасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамына көп жылдық жемісті ынтымақтастығы және саясаттанушыларды даярлау жөніндегі қажырлы еңбегі үшін алғыс білдірді.


Басылым күні :  20.11.2021