“Алғыс айту күні” атты ашық сабақ

18 ақпан күні жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы Борбасова Гүльнұр Нұрсайынқызының ұйымдастыруымен “Айналаңды нұрландыр” жобасы бойынша “Алғыс айту күні” атты ашық сабақ өткізілді, іс-шараға жалпы және қолданбалы психология кафедрасының психология мамандығының 3курс 1топ студенттері ат салысты.

Ашық сабақ мақсаты:

  • 1) 1-наурыз – алғыс айту күні еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен жарияланғанын және алғыс кімге, не үшін айтылатынын айқындау мақсатын көздеді. Студенттер ата-анаға мәпелеп асырағаны үшін, мұғалімге білім-тәрбие бергені үшін, Отан соғысы ардагерлеріне жеңіс үшін, жалпы кез-келген жақсылықпен көмекке алғыс айтылатыны туралы ойларын ортаға салды.
  • 2) Мемлекет басшысының «Мәңгілік Ел» жалпыхалықтық идеясын зерделеу және қазақ халқының алатын орнын сол идеяны жүзеге асырудағы рөлі арқылы студенттердің бойында Отанына деген патриотизмін тәрбиелеу, рухани-адамгершілігін қалыптастыру.
  • 3) Білім алушылардың этносаралық және мәдениетаралық байланыс жағдайларында тағаттылығы мен қарым-қатынас жасау біліктілігін дамыту.

Іс-шара барысында өлең оқып, көрініс қойып, сұрақ-жауап сайысын өткізді, іс-шараға студенттер белсене қатысып жан-жақты өнерлерін қөрсете білді, іс-шара арқасында әр студент алғыс айтудың маңыздылығын кеңінен ұғына түсті жәнеде өзге елдерде алғыс айту күні қалай өтетіні жәйлі ақпарат алынып,талданды.

Қорытындыласақ, Алғыс – біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс-әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым-қатынас түрінде де білдіруге болады. Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Қазақ халқының ұғымында неғұрлым көп Алғыс алған адам бақытты болады. “Алғыспен ер көгерер” деген мәтел соған меңзейді. Алғысқа қарсы мағына – қарғыс.

Басылым күні :  15.04.2021