«Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы (2021 жылдың 6-8 сәуір аралығы)

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті 2021 жылдың сәуір айының 6-8 күндері аралығында дистанциялық форматта өтетін «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырады. Конференцияға Қазақстанның және шет елдердің жоғары оқу орындары мен ҒЗИ 35 жасқа дейінгі студенттер, магистранттар және жас ғалымдар қатыса алады. Қатысушылардың баяндамалары секциялық мәжілістерде 2021 жылдың 6-8 сәуірінде ғылымның әр түрлі саласындағы ғылыми жаңалықтарының теориялық, тәжірибелік және қолданбалы сипаттағы баяндамалары тыңдалатын болады. Конференцияның жүргізілу тілдері – қазақ, орыс, ағылшын тілдері. Жас ғалымдар мен студенттердің конференциясы аясында ҚазҰУ факультеттерінде келесі бөлімдер жұмыс істейді:

р/н

Бөлімдердің атауы

Жауапты

тұлғаның аты-жөні

Байланыс мәліметтері

41.

6.7

«Тәуелсіз Қазақстанның жас ғалымдары мен студенттерінің зерттеулеріндегі

психологияның                өзекті мәселелері»

Кудайбергенова Сандугаш

Кансаровна

Ж..тел: 8 (727) 377-33-33 (вн.1753)

Моб.т.: +7 7772068537

psychology.kaznu.2021@gma il.com

Қосымша  

 

Баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар:

  • Көлемі 1 бетке дейін;
  • Microsoft Word 2003 және одан жоғары;
  • Беттің параметрлері: жоғарғы жол - 2 см., төменгі жол - 2 см., сол жақ - 3 см., оң жағы 1,5
  • Қаріп Times New Roman, KZ Times New Roman; қаріп өлшемі – 12 pt;
  • Жоларалық интервал дара; абзацтық шегініс - 1 см; кітаптық бағдарлау; бет колонтитулдары және қоюларсыз; мәтін ені бойынша тегістелген;
  • Тезистерде графиктер, кестелер, суреттер немесе фотосуреттер болмауы керек
  • Тезистерге қосымша файлда авторлар туралы ақпараттар болуы керек (қатысуға өтінім); файл атауы өзіңіздің аты-жөніңізбен жазылуы тиіс;
  • Мәтіннің бірегейлігіне қойылатын талаптар - кемінде 75%, плагиатқа қарсы тексеру туралы анықтама ұсыныңыз (кез келген қол жетімді ресурс).

 

Конференция ұйымдастырушылары жоғарыда аталған талаптарды қанағаттандырмайтын, конференцияның негізгі бағыттарынан тыс жасалған баяндамаларды қабылдамауға құқығы бар. Мәтін стилистикалық және техникалық жағынан түзетілген болуы тиіс. Ұйымдастыру комитеті баяндама мәтіндеріне редакция жасамайды. Бір адам үш реттен артық автор немесе қосалқы автор бола алмайды.

 

Қатысу шарты:

Конференцияға қатысушылар тиісті секция бойынша электронды адреске 2021 жылдың 25 наурызына дейін:

-        Рәсімдеуге қойылатын талаптарға сәйкес баяндама мәтінін;

-        Конференцияға қатысуға өтінішті жіберулері қажет.

Жоғарыда көрсетілген пункттердің бірі болмаған жағдайда материалдар жарияланымға қабылданбайды.

Конференцияға қатысу тегін. Конференция қорытындысы бойынша электрондық жинақ шығарылады, конференция материалдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың www.kaznu.kz сайтында жарияланатын болады.

 

Өтініш формасы:

Аты-жөні (толығымен):                                                                                             

Жұмыс немесе оқу орны:                                                                                                                

Қызметі, ғылыми дәрежесі (студент үшін - курс):                                            

Байланыс телефоны:                                                                                         

Электрондық поштасының мекен-жайы (E-mail):                                                       

Конференция бөлімі:                                                                                         

Cтуденттер үшін - жетекшінің аты-жөні, ғылыми дәрежесі

 

Көрсетілген уақыттан кейін келіп түскен өтініштер қарастырылмайды.

 

Құрметпен, ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

 

https://www.kaznu.kz/kz/22076/adverts/9470

Инф.письмо КАЗ.pdf

FARABI ALEMI Volume 1.pdf

FARABI ALEMI Volume 2.pdf

Басылым күні :  09.03.2021