Виртуалды психологиялық қонақжай

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасы Жаңа білім беру технологиялары институтымен бірлесіп, мазасыздықты азайту және психикалық денсаулықты сақтау мақсатында бірқатар вебинарлар жобасын іске қосты.

Виртуалды психологиялық қонақжайды іске қосу идеясының авторлары - Жаңа білім беру технологиялары институтының директоры Мусинова Асель Ахметовна; Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі, профессор Мадалиева Забира Бекешовна.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары, студенттері мен магистранттарына арналған «Мазасыздық сезімі: себепсіз мазасыздықтың себептері қандай және оларды қалай жоюға болады?» тақырыбындағы алғашқы вебинар 2021 жылдың 17 ақпанында өткізілді.

Жоба жетекшісі, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доценті – Садвакасова Зухра Маратовна.

Қосымша ақпарат алу парақшасы: https://www.kaznu.kz/ru/23407/page/

 

 

 

Басылым күні :  25.02.2021