Психология мамандығының 2-ші курс студенттері «Мен ӘЛЕМДІ жақсы көремін» тақырыбында жоба жасады

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, философия және саясаттану факультеті, психология мамандығының 2-ші курс студенттері кәсіби психологиялық лиганың құрметті мүшесі, психология ғылымдарының докторы, профессор Бердібаева Света Қыдырбековнаның бастамасымен «Түйсік, қабылдау және зейін психологиясы» пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысы аясында «Мен ӘЛЕМДІ жақсы көремін» тақырыбында жоба жасады.

 

Жоба барысында студенттер болашақ психолог ретінде әртүрлі ауруға шалдыққан жандармен сұхбаттасып, зерттеу жүргізді. Зеттеуде ДЦП, Даун синдромы, танымдық қабілеттерінде бұзылыстары бар, яғни көру мен есту қабілеттерінен айырылған, мүмкіндіктері шектеулі жандар болды.

 

Студенттер зерттеу жүргізу кезінде алған әсерлерін былайша жеткізді: «Бұл тапсырма бізге болашақта нағыз психолог маманға қажетті көптеген ақпарат пен білім берді және сол арқылы құнды тәжірибе жинадық десек те артық емес. Берілген тапсырманы біз өз ісімізге деген үлкен қызығушылықпен және құлшыныспен орындадық. Тапсырмаларды орындау барысында топтық жұмыстың маңызын да ұқтық. Бердібаева Света Қыдырбекқызына алғысымызды білдіреміз».

 

 

 

 

Басылым күні :  12.11.2020