Академик Т.Тәжібаевтың 110 жылдығына арналған «Білім және психологиялық-педагогикалық ғылым: жүйелілік, сабақтастық, инновациялылық» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Бүгін, 2020 жылғы 5 мамырда академик Т.Тәжібаевтың 110 жылдығына арналған «Білім және психологиялық-педагогикалық ғылым: жүйелілік, сабақтастық, инновациялылық» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

 

Төлеген Тәжібаев – ұлы тұлға, кеңестік қазақстандық қоғамдық және мемлекеттік қайраткер, көрнекті ғалым-педагог, педагогика ғылымдарының докторы, ҚазКСР ҒА академигі.

Ол Ленинградта кандидаттық және докторлық диссертацияларын қорғаған алғашқы қазақ – кәсіби психолог болды. Қазақстандық психология дамуының іргетасын салған адам Тәжібаев, ол 1947 жылы ҚазМУ-де психология және логика бөлімін ашты.

1948-1953 жылдары – С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ректоры.

1961-1964 жылдары – С.М.Киров атындағы ҚазМУ педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі.

 

Конференцияның модераторы философия және саясаттану факультетінің деканы А.Р.Масалимова болды. Халықаралық конференцияға мемлекетіміздің бірнеше жоғары оқу орындарының өкілдері, студент-ғалымдар, министрлік өкілдері және әл-Фараби мұражайының әкімшілігі қатысты. Конференция барысында педагогика мен психологияның өзекті мәселелері талқыланды.

 

Т.Тәжібаевтың қызметі мен еңбек жолы туралы бейнебаянды сілтеме арқылы көре аласыздар:

https://cloud.mail.ru/stock/gZUbBdtfth2x3C4yV28n6UMa

 

Конференция бағдарламасы:

Бағдарлама_Программа_Program.pdf

 

Конференция баяндамалары:

https://drive.google.com/drive/folders/1VGO7ji47tMyD079_YhV2eYciZx4RIPH1

 

Конференция материалдарының жинағы:

Жинақ_Сборник_Proceedings.pdf

 

 

 

 

 


Басылым күні :  05.05.2020