Тегін онлайн-вебинар: «Індет кезіндегі отбасылық жанжал себептері және оларды шешу тәсілдері»

Өткізілетін күні : 22-сәуір 2020ж сағ: 14.00-15.30

Вебинар өтетін сілтеме:

Zoom бағдарламасы арқылы

https://us04web.zoom.us/j/6116984225
Идентификатор: 611 698 4225

 

Ұйымдастырушы: Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының п.ғ.к., доцент м.а. Рысбекова Ж.К.

 

Вебинардың мақсаты: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған коронавирустық пандемияға байланысты төтенше жағдай кезінде біз сізге онлайн-вебинар түрінде «Індет кезіндегі отбасылық жанжал себептері және оларды шешу тәсілдері» тақырыбы аясында кәсіби психологиялық қолдауды ұсынамыз:

 

Іс-шараның анонсы: оқшаулану кезеңінде, шектеулі кеңістікте отбасы мүшелерінің арасындағы татулықты қалай сақтау туралы.Ескі наразылық, айтылмай қалушылық жаңа күшпен көріну туралы. Ата-аналарға ұзақ демалыс кезіндегі балаларына сабырлық сақтай отырып көңіл бөлуді, сондай-ақ қашықтан жұмыс істеуді мерзімінде толық орындай білуді. БҰҰ мәліметтері бойынша, пандемия кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық пен тұрмыстық жанжалдардың саны едәуір артты. Бұған әлемнің көптеген елдеріндегі полиция мен дағдарыс орталықтарына қоңыраулардың көбеюі дәлел бола алады. Вебинарда біз қақтығыстарды қалай шешуге және «қайнаған» карантиннен қалай аман қалуға болатындығы туралы айтамыз.

 

Жұмыс тілі: орыс

 

Вебинар жетекшісі:

Рысбекова Жанар Құдайбергенқызы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ(www.kaznu.kz), Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытушысы, п.ғ.к., доцент м.а.

Тәжірибелік психолог, ИП «ИКИГАЙ»

Қазақстандағы транзакциялық талдауды дамыту ұйымы (ORTA) Кеңесінің мүшесі http://artakz.tilda.ws/.

Еуропалық транзакциялық талдау қауымдастығының (EATA) мүшесі.

Қазақстан психологтары одағының мүшесі

 

Вебинарға қатысты сұрақтарыңызды WatsApp-қа жаза аласыздар:

+7 705 18 18 628

Басылым күні :  20.04.2020