ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА-2020

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2020 жылдың наурыз айының 25-26 аралығында жоғары оқу орындары арасындағы психология бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтетіні туралы хабарлайды.

Мекен-жайы:  Алматы қаласы,  Масаншы к-сі 39/47, әл-Фараби атындағы философия және саясаттану факультетінің ғимаратында өтеді (тіркелу 25.03 сағ.9.00, басталуы 10.00, акт.зал).

Олимпидаға қатысуға Қазақстанның ЖОО «5В050300 -  Психология» мамандығы бойынша, психология пәнінен жоғары оқу орындарының арасындағы (бірінші кезең) пәндік олимпиаданың жеңімпаз 2-4 курс студенттері шақырылады. Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде өтеді.

Бір ЖОО-ң 3-тен көп адам қатыса алмайды, өткен жылдары қатысушылар олимпиадаға жіберілмейді.

Қатысушылар өздерімен бірге мына құжаттарды алып келуі тиіс: олимпиаданың бірінші қорытындысы жөнінде ректордың (проректордың) хаты немесе Ғылыми кеңестің шешімінің хаттамасы. 

Олимпиадаға қатысушылардың жол шығыны мен тұратын жері жіберуші тараптан  жүргізіледі.

 

Ескерту! Олимпиада индивидуалды және топтық түрде өтеді. Бірақ тек индивидуалды көрсеткіштер бағаланады! Топ үшін номинациялар  қарастырылған.

 

ЖОО арасындағы олимпиаданың (екінші) кезеңі  үш турдан тұрады:

1 тур. Негізгі пәндер бойынша пәндік тестілеу (жазбаша тапсырма). Индивидуалды тапсырма. Олимпиадаға қатысушылардың теориялық білімдерін тексеру.

2 тур. Ғылыми жобаны қорғау (үй тапсырмасы конкурсы). Әр командадан бір жоба катыса алады, тақырыптар мен талаптар Қосымшада көрсетілген

 3 тур.  Спорттық форматта өтетін Психологиялық викторина «Не? Қайда? Қашан?». Топтық орындау. Психология және психологтар туралы логикалық сұрақтар. Психология саласында атаулы күндерді, атауларды, оқиғаларды білудегі жалпы білімдерін бағалау.

Үш турдың қорытындысы бойынша олимпиаданың әрбір қатысушысының жеке жұмысы бағаланады. Командалар үшін номинациялар бар.

1,2,3 орындарды иеленген Республикалық олимпиаданың  жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің I, II, III  дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Пәндік олимпиаданың аясында қатысушылары үшін мастер-кластар және экскурсиялар өтеді. Олимпиаданың бағдарламасы 2020 жылдың 20 наурызында жарияланады.

 

Олимпиадаға қатысуға өтініш (ЖОО-ң 3 адамнан көп емес) 2020 жылдың 15 наурызға дейін жіберу қажет. Электронды мекен-жайы: kudsandugash@gmail.com, «ПСИХОЛОГИЯ БОЙЫНША 2020-ОЛИМПИАДАҒА ТАПСЫРЫС» тақырыбын таңдайды.

 

 

Тіркеу картасы

1. Тегі, аты, әкесінің аты (толық)_____________________________________

2. Мамандық щифры, курсы, оқу тілі ___________________________

3. ЖОО (толық атауы)____________________________________________

4. Мекен-жайы _____________________________________________________

5. Қатысушының байланыс телефоны, электронды поштасы ______________

6. Келу уақыты _____________________________________________________

7. Кету уақыты _____________________________________________________

8. Команда жетекшісінің аты-жөні, лауазымы және оның байланыс телефоны, электронды поштасы________________________________________________

 

Олимпиадаға өтініш және ғылыми жоба қабылдауға (үй тапсырамасы) жауаптылар: п.ғ.к., аға оқытушы Кудайбергенова Сандугаш Кансаровна

Анықтама телефондары:

жалпы және қолданбалы психологиясы кафедрасы +7 (727) 377 33 33 ішкі 1735,

Кудайбергенова Сандугаш Кансаровна, тел. +7 777 206 85 37 (WhatsApp),

е-mail: kudsandugash@gmail.com 

 

ҚОСЫМША

 

ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫҢ ТАЛАПТАРЫ

(үй тапсырма  конкурсы)

 

Үй тапсырмасы байқауының тақырыбы: «Психологиялық зерттеулеріндегі Әл-Фарабидің идеялары»

ЮНЕСКО Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен 2020 жылын Шығыстың ұлы ойшылы - Абу Наср ибн Мұхаммед әл-Фарабидің 1150 жылдығын атап өту жылы деп жариялады.

Байқауға студенттердің әл-Фарабидің ғылыми мұрасын психологиялық турғыдан ғылыми еңбектері, сонымен қатар қолданбалы психологиялық зерттеулерде шығыстың ұлы ғалымының идеяларын дамыту кіруі мүмкүн.

Жұмысты жеке немесе топтық турде жасауға болады. Жоба ғылыми зерттеулерге қойылатын талаптарға сай болу керек (титул парағы, мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі). Барлық жұмыстар плагиатқа тексеріледі (жұмыстың бірегейлігі - кем дегенде 75% болу керек), егер плагиат дәленденсе, жұмыс конкурстан алынады. Жұмыс көлемі 20-40 бет.

- бет параметрлері: жоғарғы шеті 2 см, төменгі шеті 2 см, сол жақ шеті 3 см, оң жақ шеті - 1,5 см;

- шрифт Times New Roman, KZ Times New Roman; шрифт размері - 12pt;

- жоларалық интервал - жалғыз; азат жолы- 1 см; кітап бағыты.

Ескерту! Ғылыми жұмыс 2020 жылдың 20 наурызыға дейін kudsandugash@gmail.com электронды поштасына міндетті жіберілуі керек. «Тақырып» жолында «Үй тапсырмасы байқауы» және университет көресетілу керек.

Олимпиадада ғылыми жұмыс қағаз түрінде ұсынылуы керек, әр командаға жұмысты қорғауға 10-15 минут беріледі (презентация дайындауға болады).

Басылым күні :  01.03.2020